Елімізде атеросклероз сырқатының алдын алу бойынша апталық өтіп жатыр. Мамандар бұл аурудың жасарып келе жатқанын айтады. Бір қарағанда атеросклероз қоғам үшін қауіпті сырқаттар қатарына жатпайды, алайда оның салдары жүрек қан тамыр, сал аруларына әкелетінін бірі білсе бірі білмейді.

Әлем бойынша жүрек қан тамырлары аурулары өлім жітімге жиі алып кететін сырқаттардың бірі. Көрсеткіш жыл сайын артып келеді, әсіресе жастар арасында шалдығатындар қатары көбейген. Бұрын 50-60 жаста басталатын сырқат, енді 20 жастағыларда да кездеседі. Бұл сырқат қан тамырлардың майлы жолақтарының жиналуы. Яғни қай жерде жиналады, сол аумақ зақымданады.

Айбек Төребекұлы, Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының кардиолог-дәрігері

Атеросклероз бұл жабылуларды, тамырдың іші тарыла бастайды. Науқаста аурулар симптомдар пайда бола бастайды. Алғашқы белгілері бұл тамырлардың тығыздалуына байланысты. Давленияның көтерілуі мүмкін. Әлсіздіктің шақырылуы мүмкін.

Атеросклероз осылайша жүректің ишемиялық аурулары, жүрек стенокардиясы, жүрек миокардісіне әкеліп соғуы мүмкін. Қазір еліміз бойынша атеросклероз апталығы өтіп жатыр. Осы ретте аурудың қалай алдын алуға болады, қандай белгілері бар осы туралы ақпараттар ұсынылады.

Айбек Төребекұлы, Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының кардиолог-дәрігері

Бұл ауру көбіне темекі тарту, алкогольді ішуге байланысты. Бұл аз қозғалыстан кейінгі ұйқының бұзылуы жүрек қан тамырлары ауруларына алып келеді. Бұл бляшкаларды қалыптастырады.

Осы ретте мамандар, зиянды майлы тағамдарды шектеп, спортпен шұғылданып, жаяу жүруді әдетке айналдыру керек дейді. Сондай-ақ жылына бір рет липидограммаға анализ тапсырған жөн. Дені сау адамда холестирин көлемі 4,5-5 молль литр болу керек.

Самал Қалиқызы