Павлодар жоғары инновациялық аграрлық колледжінде студенттер өз күштерімен агрономия мамандығы бойынша шындалуда. Олар жас қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін өсіріп, оқу орнының аумағын көгалдандырып, өсімдіктермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда. Толығырақ келесі сюжетте.
Колледждегі агрономдардың тағы бір маңызды бағыты – биогумус өндіру. Бұл – табиғи өсу стимуляторлары бар, Калифорния құрттарының тіршілік әрекеті нәтижесінде алынатын экологиялық таза тыңайтқыш.
Бақытгүл Әбенова, «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің 1-курс студенті
Қазір біз биогумуспен айналысып жатырмыз – бұл біздің оқу жобамыздың негізгі тақырыбы. Жобамыздың мақсаты – колледж аумағында биогумус өндіруді үйрену және оны жасау. Биогумус дегеніміз не? Ол – топырақ құнарлылығын арттыратын органикалық тыңайтқыш. Құрттарды біз бағбандарға арналған жергілікті дүкендерден сатып аламыз, бұл – кеңінен қолданылатын әдіс. Жобамыздың мақсаты – колледж аумағында калифорниялық құрттарды өсіру және биогумус өндіруді зерттеу.
Алдағы уақытта бұл тыңайтқыш колледждің өз қажеттіліктеріне де, сауда нүктелері арқылы сатуға да белсенді қолданылады. «Ветеринария» мамандығы бойынша оқитын студенттердің де жаңа оқу тапсырмалары пайда болды. Жас мамандар сүттің, еттің, жұмыртқаның, ал қазір балдың сапасын анықтауға арналған экспресс-тесттер жүргізуде.
Эльмира Әубәкірова, «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің 2-курс студенті
Бұл мал егерде механикалық зақымдану нәтижесінде немесе инфекция салдарынан карис, стоматит, тіс тастары пайда болуы мүмкін.Оның нәтижесінде ас қорыту жүйесі бұзылуы мүмкін.Осы жағдайда ветеренарлық жылжымалы стоматологиялық құрал қолданылады.
Жаңа оқу жылы басталғанына қарамастан, механизаторлар өз мамандықтарын белсенді меңгеріп жатыр. Сабақтар оқу далаларында және заманауи тренажерда өтеді, бұл студенттерге тәжірибе жинақтауды қауіпсіз әрі тиімді етеді. Бүгін олар теориялық білімдерін іс жүзінде техника басқару арқылы бекітіп жатыр.
Арман Кенжебек, «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің 3-курс студенті
Осы мамандықты таңдағаныма өте қатты ұнады. Техникамен негізінде жақсы ақша табу керек.Сол үшін осы техникаға отырдым.Осы мамандыққа келдім.
Жоғары аграрлық колледжде ауыл шаруашылығы саласында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 900-ден астам студент білім алуда. Биыл жаңа мамандықтар ашылды – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» және «Бухгалтерлік есеп».
Дильназ Қуанышбекқызы