Павлодар облысына жұмыс сапарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов келді. Ол жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, парақорлықтың жолын кесу тетіктерін қарастырды. 
 
Алдымен Дмитрий Малахов облыстық ахуалдық-талдау орталығының жұмысымен танысты. Парақорлықтың алдын алуға арналған жобалардың нәтижесін бағалады. 
Шыңғыс Ағжанбаев, Павлодар облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі:
Павлодар облысында сыбайлас жемқорлықты жою үшін және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жоба іске асырылып жатыр. Біз оны төрт үлгілі база деп атаймыз. Бастапқыда бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппаратымен пысықталды. Біздің өңірде пилоттық жоба ретінде іске қосылды. 
Жоба жұмыс істеген уақыттан 1000-ға жуық сыбайлас жемқорлықтың алды кесілді. Алдағы уақытта бұл жүйе бүкіл Қазақстан бойынша енгізілмек. Бұдан кейін елордалық мейман кәсіпкерлермен кездесіп, олардың шағымын тыңдап, мәселелелерді шешуге тырысты. 
Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне дейін тұрақтандыру қорын басқарған Мейрам Өтешов аталмыш мәселеге қатысты түсініктеме берді.
Мейрам Өтешов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:
Қанттың бағасы 800 теңге болып тұрған кезде, тұрақтандыру қоры бағаны түсірді. Бірақ бұл тұрақтандыру қоры көтерме сауда нарығы ретінде жұмыс істемейді. 
Сондай-ақ кәсіпкерлер саны көп тексерістер жайлы айтты.  
Дмитрий Малахов мәселені егжей-тегжейлі зерттеу керектігін айтты.  Сұрақ қойған кәсіпкерлерді кездесу аяқталғаннан кейін жеке қабылдауға шақырды.
 
Аяулым Рахымжанова, Ермек Сапаров