Ауданды аралап, атқарылып жатқан жұмыспен танысқан Әбілқайыр Сқақов Баянауыл жұртшылығы алдында есеп берді. Алдағы нақты атқарылуы тиіс жұмыстарды саралап берді. Сонымен алдағы жылдары ауданда қандай жобалар іске асады? 
 
Облыс әкімі алдымен Баянауыл ауданына бөлінетін жыл сайынғы қаражат көлемінің өсіп келе жатқандығын айтты. Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында соңғы 3 жылда  4 елдімекен жаңартудан өтіпті. Оған 1, 3 млрд теңге бөлініп әр түрлі жобалар іске асқан. Жұмыстар келесі жылы да жалғасады. 
Сын көтермейтін бұл жол өнделуде. Ал, ел болашағы балалардың білім алу жайы қалай? Соңғы жылдары Баянауыл ауданында 8 мектеп жаңартудан өткен. Алайда, әлі де мектеп мәселесі шелімеген елдімекендер бар. Мәселен, Қаражай ауылдық мектебі бірінші апаттық жағдайда. Онда 70 бала білім алып жатыр. 
Маңызды нысандар бұнымен шектелмейді. Аудан орталығына бассейині бар спорт кешенін салу қажет деді облыс әкімі. Ал, ауданда егіншілікті қолға алу керек. Сосын ауданның киелі жерлерін сақтау және таныту бойынша нақты бағдарлама жасау қажеттігі тапсырылды. Көне мен жаңаны үндестіре білген аудан тұрғындары замануи жетістіктердің игілігін де көруі керек. 
Ал, аудан бойынша 500 адам баспана кезегінде. Әбілқайыр Сқақоа әр адам, әр отбасы үшін ең маңызды бұл мәселенің тезірек шешу жолындағы ұсыныстарды облыс әкімдігі қолдауға әзір екендігін айтты. 
 
Жанасыл Серікбол