Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Майра Мұхамедқызы, Жанар Дұғалова және Серік Ибрагимов республика күні павлодарлықтарға өнер көрсететін болады. Қайта жаңғырған ұлттық мерекеге орай өңірде 300-ге жуық шара ұйымдастырылады. 

Биыл Ұлытауда өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы ресми түрде Республика күні мерекесін қайтарған еді. Араға 12 жыл салып мемлекеттік мереке биыл жер жерде кең көлемде тойланатын болды. Барлық шаралар 14-30 қазан аралығында өтеді. 
Балтабай Қаппасов, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы:
20 қазан күні өңірдің түрлі бағытта жетістікке жеткен 20 дарынды оқушысы «Тәуелсіздік ұландары» премиясымен марапатталады. Әр оқушыға 50 АЕК көлемінде, яғни 159 мың теңге беріледі. Мектептерде «Қадірлі Қазақстан» акциясы басталады. Одан бөлек, 21 қазанда дәстүрге айналған «Тәуелсіздік ұрпақтары»  жастар сыйлының марапаттау рәсімі өтеді. 10 номинация бойынша 20 адам марапатталады. Сый көлемі 500 мың теңгеден. 
Одан бөлек, «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы жүзеге асады. Ол әлеуметтік осал топтағы 16 мың  азаматты қамтуды жоспарлап отыр. Демеушілер есебінен 90 млн теңгеге тиісті көмек көрсетілді. 
Ұлттық мереке қарсаңында облыстың мәдени ұжымдарымен 200-ден аса іс шара ұйымдастырылады.  Аудан, ауылдардың мәдениет үйінде концерттік бағдарламалар өтеді. 
Медет Тауасқан, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының м.а.:
Республика күніне арналған салтанатты шара 22 қазанда мәдениет сарайында өтеді. Айгүл Иманбаева, Серік, Майра Мұхамдқызы қатысады деп жоспарлануда. Бұл 25 күнгі іс шара Біздің Павлодарда іс шара өтеді. Үздік шығармашылық топтары қатысады. Жанар Дұғалова, Раим қатысады. Көпшілік мерекелер спорт ойындары ұйымдастырылады деп отыр. 
Сонымен қатар, осы күндері мұражайларда түрлі тақырыпта көрмелер, экспозициялар қойылады. Кіру тегін. 25 қазан сағат 17.00-де Жүсіпбек Аймауытов атындағы театрда  «Әбілмансұр Сабалақ -  Абылайхан» тарихи драмасын тегін көруге болады. 
 
Самал Қалиқызы