Павлодарда балаларға арналған табиғи таза ойыншықтар шығарылады. Аталмыш цех 2019 жылдан бері жұмыс жасайды. Басымдық ментальды ауытқушылықтары бар балаларға беріледі.


Бүгінгі кейіпкеріміз Жанар Әубәкірова. Оның да кәсіпкерлікке келген өз себебі бар. Ерекше баланың анасы болғандықтан ментальды бұзушылықтарды қалыпқа келтіретін ойыншықтармен мәселе болғанын жасырмайды. Сондықтан да бизнестің осы бағытта таңдаған.

Жанар Әубәкіров, кәсіпкер:

Дидактикалық барлық дамыту ойыншықтарын бәрін қазақстаннан Ресейден, қытайдан алғанбыз. Соған ұқсас ойыншықтарды шығару тек қазақ тілінде. 9 айда методикасын технологиясын зерттеп аштық.

Экологиялық таза, пайдалы, табиғи ойыншықтар осылайша біздің облыста өндіріле бастады. Қолданылатын заттардың барлығы зиянсыз. 2019 жылы келіншек Атамекен кәсіпкерлерді қолдау орталығы арқылы «Бастау Бизнесті» аяқтап, 4 млн теңге көлемінде грантқа ие болды. Қаражаттың барлығын осы инклюзивті орталығы мен цехына жұмсады.

Жанар Әубәкіров, кәсіпкер:

Солай 9 айдан кейін бізде алғашқы ойыншықтар шыға бастады. Дидактикалық материалдар шыға бастады. Дүкендерге апара бастадық. Осылайша біз оларға өзіміздің тауарды ұсындық.

Қазір осы орталықтың дидактикалық материалдары мен дамыту ойыншықтары Павлодар қаласымен қатар НұрСұлтан, Алматы қалаларының дүкендерінде сатылады. Коллекция апта сайын жаңарып отырады.

Осы 1,5 жылда ойыншықтың 70-тен астам түрі шығарылды. Саны бойынша әрине шектеу жоқ дейді, кәсіп иесі. Қазір мына инклюзивті цехта 7 адам жұмыс жасайды. Олардың жартысы мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Осылайша кәсіпкер қоғамдағы тағы бір мәселені көтеріп, шешіп отыр. Цехпен қатар инклюзивті орталық та жұмыс жасайды.

Жанар Әубәкіров, кәсіпкер:

Бұл орталықта 20 дан астам, жазда 14 мұғалім істейді. Егер бала қиыншылықпен келсе кәдімгі жалпы білім беру орнын аапару керекпіз.

Алдағы уақытта цех өнімдері сертификациядан өтсе, шетелге де сатылатын болады. Осы ретте кәсіпкер технологияны жаңартуды көздеп отыр.


Самал Қалиқызы