Жүсіпбек аймауытов атындағы қазақ муызка драма театры премьералар апталығына дайындалуда. Қараша айының 28-нен бастап театр төрінде қатарынан 3 тұсаукесер өтпек.


Қарашаның 28-і күні «Мен өліп жатқанда» сатриралық драмасы көрермендерге жол тартады. Онда қазіргі өміріміздің қым-қуыт сәттері баяндалмақ. Ал, 29-ы күні жас дрматург Мерей Қосынның «Мен жоқ жердегі менің өмірім» атты эксперименттік драмасы қойылады.

Ақтілек Ақанова, актриса:

Кейіпкерді таныстырып өтейін десем, әлі танысу үстіндемін. Мүмкін премьара күнінде де таныстаны шығармын. Өйткені, ол өзінің кім екенін, бұл кеңстікке қалай тап болғанын, өткенін, болашағын білмейтін сондай бір түсініксіз жағдайға ұшыраған кейіпкер. Дайындық баырсында берілген рамкалардан шығуға барынша тырысып жатырмыз.

Ал, қарашының 30-ы «Кездесу мен қоштасу психологиялық дармасының тұсауы кесіледі. Бұл да бүгінгі адамдардың жан дүниесін баяндайтын соны туынды.

Бауыржан Егінбай, актер:

Мен сондағы осы оброзым «Кездесу мен қоштасудағы» Беляевтің рольі. Беляев ол ынжықтау, әйелінің айтқанын істейтін еркектің рольі. Соны сомдап шығу маған бұйырыпты. Рольмен әлі таныстпадым. Премьераға дейін әл уақыт бар. Оған дейін үлгереміз деп ойлаймын.

Қатарынан 3 тұсаукесер 6 күн бойы қатарынан өтетін премьера тыңғылықты дайындықты қажет етуде.

Арман Темірбек, Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының басшысы:

Отыз екі жыл тарихы бар театр болса бұл шынымен де 32 жылда 3 қойылым қатарынан бір уақытта шығу деген бұрын соңды болған жоқ. Қиындығы мен қызығы бар күндерді, апталарды бастан кешіп жатырмыз. Үш премьера араға күн салмай қатар қтейін деп отыр. Арнайы Алматы, Астана қаласынна сыншылар бірлестігінің мүшелерін шақырып отырмыз.

Қойылым симфониялық оркестрдің сүйемелдеуміен өтеді. Осылайша театр өз көрермендерін жаңа қойымдармен күтеді.


Жанасыл Серікбол