Соңғы уақытта сервистік, халыққа қызмет ететін полиция ұғымын жиі еститін болдық. Бұл – жаңа әрі әділетті Қазақстан құру жолындағы негізгі қадамдардың бірі. Өңірімізге келген ішкі істер министрі Марат Ахметжанов облыс басшылығымен бірге полиция қызметін дамыту жайлы кеңес өткізді.


Бүгінде полиция қызметінің идеологиясы мен жұмыс бағдары халыққа қызмет қылу бағытына көшуде. Ол үшін алдымен білікті мамандарды көптеп тарту керек. Ал, қызметкерлерді көптеп әкелу үшін әлеуметтік пакеттер дайындау керек. Ең бастысы қоғамның сұранысына жұмыс істеу қажет.

Марат Ахметжанов, ҚР ішкі істер министрі:

Қоғамның сұранысы жаңа саяси ерік-жігер бір-бірімен сәйкес келген кезде мүмкіндік көздері ашылады. Бұл ретте полиция шетте қалмауы тиіс. Бұл тек әкімшілі және қылмыстық заңнамаға қатысыт емес. Сондықтан, ұоғаммен айбалнысты жаңсартып, халықпен байланысты, серіктестікті дамыту қажет.

Полицияға жұмысқа тұрушылар санын көбейту мақсатында биыл бірқатар шара атқарылды. Айлық өсті. Келесі жылы да өседі. Қаңтардан бастап аудандық инспекторлық құрам қызметкерлерінің айлық еңбекақысы 21, облыстық деңгейдегі инспекторлық құрамның айлық еңбекақысы 18 пайызға, патрульдік полиция қызметкерлінің айлығы 10 пайызға өседі.

Шыңғыс Әлекешев, ҚР ІІМ кадрлық саясат департаменті бастығының орынбасары:

Бүгінгі таңда полиция қызметкерлірінің 90 пайызы жұмыстарындағы моральдық климатқа көңілдері толады. Ал, 91 пайызы жауынгерлік дайындықтары психологиялық тұрғыдан жоғары деп есептейді. Қысқаша айтқанда Павлодар облысы полиция қызметкерлерінің рухы биік деп айтуға болады. Десе де атқарылар жұмыстар көп. Кадрлық процесстерді сандық форматқа көшірудеміз. Қызметке тағайындау жұмыстарын қағазбастылықтан арылтып, есесп беру жұмыстарын да сандық форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз.

Облыстық полиция департаментінің материалық-техникалық базасын жақсарту жолында 3 жылда облыс қазынасынын 4 млрд тан астам теңге бөлінген. Бұл қаржы есебінен 15 модульдік полиция бекеті, 4 стацинарлық бекет іске қосылды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Үш жылы ішінде 105 автокөлік сатып алынды. Бұрын 65 пайызға қамтамасыз етілген болатын Қазір 90 паыйзға дейін амқтылды. Бұл жұмысты біз әрмен қарай жалғастыратын боламыз.

Бұдан бөлек облыс полиция қызметкерлерінің еңбекақысына 15 пайыздық үстемеақы да жергілікті қазынадан қосылады.


Жанасыл Серікбол