Бүгінде адам өмірі роботтармен тығыз байланысты. Күнделікті тіршіліктен бастап, ірі өндіріске дейін осы механикалық достардың көмегіне дейін жүгінетін болдық. Ал, облыс орталығында әлемнің түкпір-түкпірен келген робот көрмесі өтіп жатыр.


Робопарк – роботтардың халықаралық көрмесі. Бұнда шеберлік сағаттар мен виртуалды шынайылық әлемі сияқы бірқатар бөлімдер бар. Көрермендер әр жарты сағат сайын механикалық достардың орындауындағы бірегей шоуға куә болады. Келушілерге роботтармен жақынырақ танысуға мүмкіндік бар. Мәселен, робот итті еркелетуге болады.

Дәмелі Қашубаева, көрме инструкторы:

Біздің көрмемізде 50-ден астам экспонат бар. Оның шініде 30-дан астам ойын бар.

Көрменің ерекшелігі бұнда сіз өзіңізді зерттеуші, ізденуші ретінде сезінен аласыз. Төрт деңгейлі сынақтан өтіп, дипломға иелік етуге болады. Бұл әсіресе осы салаға қызығушылығы бар жандар үшін үлкен мүмкіндік болмақ.

Алексей Цветков, «Робопарк» көрмесі меңгерушісінің орынбасары:

Біз таңғы 10-нан бастап, кешкі 7-ге ейін жұмыс істейміз. Дүйсенбі күні демаламыз. Біздің фотозонамызға келіп, естелік суретке түсулеріңізге мүмкіндік бар.

Көрме бұған дейін Польша, Финлияндия, Эстония, Латвия, Беларуссия сияқты мемлекеттерде өтті. Қазақстанның 3 қаласында ұйымдастырылу жоспарланып отыр. Көрмені павлодарлықтар 25-желтоқсанға дейін орталық әмбебап дүкеннің 3-қабатынан тамашалай алады. Қосымша сұрақтарды робо-парк.ком сайты арқылы біле алады.


Жанасыл Серікбол