Аққулы ауданында белгілі би, Алашорда мүшесі Мұқатай Мөшекеұлына арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Ол 1913-28 жылдар аралығында Бесқарағай өңірінде болыс болған. Ескерткіш белгітас ұрпақтары атынан бой көтерді.


Мөшекеұлы Мұқатайдың өмірі қасіретті кезеңдерге тұспа – тұс келді. Өзі ғана емес ұрпақтары да қуғын көріп, қудалауға ұшыраған. Өзі ату жазасына кесіліп, үш ұлы жер аударылып, түрмеге қамалған. Қапаста жүріп қайтыс болған. Ескерткіш тақтаға Мұқатай Мөшекеұлының үзеңгілес серіктерінің де есімі қашалып жазылған. Олар: Арын Байғожаұлы, Әбдірахман Қалиұлы, Нұрахмет Шәріпұлы, Уәли Айтбайұлы, Нығмет Сейілғазы ұлы сияқты өз заманының атқамінер тұлғалары.