1 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін химия және биология бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау жүреді. Білім ошағы шәкірттерін келесі оқу жылына, яғни, 7 сыныпқа қабылдайды. Оқуға қабылдау үрдісімен тілшіміз танысып қайтты.
Кешенді тест келер жылы наурыз айының 2-сі мен 3-і күндері өтеді. Оқушыларды қабылдау халықаралық жүйеге сай, конкурстық іріктеу бойынша ұйымдастырылады.
Ажар Бақтиярова, қабылдау комиссиясының мүшесі:
Назарбаев зияткерлік мектептері 7 сыныпқа оқуға түсу үшін оқушыларды конкурстық іріктеу басталды. Ол 1 желтоқсаннан бастап 10 қаңтарға дейін болады. Үміткерлердің қатысу конкурсы іріктеу үшін қабылдау комиссиясы келесі құжаттармен тапсырылады. Олар конкурсқа қатусы үшін өтетін документтер бар. Яғни олар математика, сандық сипаттамлар жаратылыстану тапсырады. Екінші күн тілдер, қазақ тілі, орыс, ағылшын тілдерін тапсырады.
Қабылдау комиссиясы жұмыс күндері сағат таңғы 9 дан кешкі сағат 18.00 ге дейін жұмыс істейді. Құжаттар қаңтардың 10 дейін қабылданады. Сондай-ақ мектеп сайты арқылы онлайн брондау қызметі іске қосылған. Толық ақпаратты Назарбаев зияткерлік мектебінен алуға болады.
Әйгерім Тоқпанқызы