Павлодарда страйкбол спортының жазғы маусымы ашылды. Спортшылар Мойылды ауылының маңындағы полинонда жиналып, тартысты ойын үлгісін көрсетті.
Осында жиналған спортшылардың страйкболмен шұғылдана бастағанына 14 жыл болыпты. 12 жылдан кейін, яғни, 2 жыл бұрын федерация құрып, дамудың жаңа кезеңіне көшкен. Мойылды ауылы маңына жиналған спортшылар жазғы маусымды ресми түрде ашып, баршасын осынау спорттың қатысушысы, жанкүйері болуға шақырды.
Ержан Капсалямов, Павлодар қалалық спорттық-тактикалық ойын федерациясының төрағасы
Екі жыл болды федерация ретінде жұмыс жасап жатырмыз. Қазақстан бойынша әр түрлі қалаларға барып ойын көрсетіп жүрміз. Енді шет мемлекеттерге де шығып көргіміз келеді. Страйкболдың қысқы және жазғы алаңдары болады. Бүгін жазғы алдаңдағы алғашқы ойынды өткізіп жатырмыз.
Страйкбол Қазақстанда спорт ретінде танылған. Демек, салаутты өмір салтын, командалық рух пен жігерді қалыптастырудың тағы бір жолы. Ойын адалдыққа үндейді. Жасы 18 ден асқандар ғана қатыса алады. Ойын кезінде щынайы қарудың көшірмелері қолданылады.
Азамат Абдирбаев, спорттық-тактикалық ойын федерациясының ойыншысы
Өте қызықты ойын. Бала кезімнен әскери тақырыптарға жақынмын. Бүгінгі таңда салауатты өмір салты үшін қатысудамын. Физикалық тұрғыдан да, логикалық тұрғыдан да дамуға көр әсері бар спорт.
Геннадий Лукьянец, спорттық-тактикалық ойын федерациясының ойыншысы
Аптасына 2 рет жиналып жаттығамыз. Сәрсенбі, жексенбі күндері жиналамыз. Кез-келген ынтасы бар адам келіп ойнай алады. Жазғы маусымның Воскресенье.
Қазіргі уақытта жастарды тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұдан бөлек, полигонға кез-келген адам келіп, ойынға қатыса алады. Бастысы ойын ережесін, қауіпсіздік талаптарын орындаулары шарт.