Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ерліктерін ұлықтау мақсатында қыздар арасында еркін күрестен турнир өтті. Оған облыстың мықты деген 60-тан астам спортшысы қатысты. Бұл жарыста нәзік жанды арулар да ерлермен қатар күресетінін тағы бір дәлелдеді.

Ұлы Жеңіс кешегі кеудесін оққа төсеген ата бабаларымыздың орасан еңбегінінің жемісі. Ол жеңістің жолында қанша нәзік жанды ару да құрбан болды. Осы батыр қыздарымыздың атына Павлодарда ауқымды жарыс ұйымдастырылды. Оған тек спортшы қыздар қатысты.

Сымбат Серғазы, қатысушы

Менің отбасымда ағам, інім күреске қатысады. Солардың артынан еріп, күреске қатысқым келді. сосын қатысып жүрмін. Мен екі жыл қатысамын. Қастап қайта бастап жүрдім. Мен үшін қызықты. Көптеген жетістіктерге жеткім келеді.

Бұл ашық турнир осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Мақсаты – қыздар арасында еркін күрес спортын насихаттау.

Әсемгүл Қисанова, еркін күрестен жаттықтырушы

Бүгінгі жарыс еркін күрестен Алия Молағұлова мен Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған. Оған біздің облыстың барлық аудандарынан қатысушылар келді. жалпы 10 команда бақ сынады. 2011 жылдан бері туған қыздар қатысты.

Жалпы жарыста 60-тан астам спортшы қатысып, бақтарын сынады. Оларға алғыс хаттар, кубок пен медальдар табысталды.

Самал Қалиқызы