Ал, Людмила Титаренко 40 жылдан бері адам жанына араша түсіп келеді. Әр науқастың өмірі үшін бар білігін салып күресіп келе жатқан жан.
Людмила Николаевнаның кәсіби өмір жолының көп ьөлігі бөлігі қалалық ауруханада өтті. Жас маман ретінде емхана табалдырығын алғаш аттаған ол бөлім меңгерушісіне дейінгі жолдан жүріп өтті. Көп жылғы еңбегі үшін кәсіби марапаттарға ие болып, республикалық деңгейде де мойындалды. Екі жыл бұрын өз саласының үздік мамандарының қатарына енсе, биыл Алматыда өткен нейроғылымдар бойынша халықаралық форумда Қазақстан атынан қатысып, неврологияны дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланды.
Людмила Титаренко, неврология бөлімінің меңгерушісі
«Менің еңбек жолым жедел жәрдем қызметінен басталды. Институтты бітіргеннен кейін науқастарға шұғыл көмек көрсету бойынша мол тәжірибе жинадым. Кейін мені ми қан айналымының бұзылуы бөлімшесіне шақырды. Қазіргі атауы — инсульт орталықтары. Ол жерде 15 жыл жұмыс істедім. Одан кейін неврология бөлімін басқаруға ұсыныс түсті. Бұл — Павлодар қалалық №1 ауруханасының жалпы неврология бөлімі. Еңбек жолымда көптеген кәсіби дағдыларды меңгердім, түрлі медициналық щараларды орындай аламын. Сондай-ақ жемісті еңбегім үшін және Қазақстан неврологиясына қосқан ерекше үлесім үшін марапатталдым».
Бөлімшедегі жұмыс күні пациенттердің жағдайын талдаудан және алдағы әрекеттерді жоспарлаудан басталады. Мұнда бәрі маңызды — тексеру нәтижелерінен бастап науқастың хал-жағдайындағы ең кішкентай өзгерістерге дейін қалт жіюетуге болмайды. Әр шешім ұжыммен бірге қабылданады, себебі диагноздың дәлдігі жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, адамның денсаулығына тікелей әсер етеді.
Людмила Титаренко, неврология бөлімінің меңгерушісі
«Менің жұмыс күнім ең алдымен жоспарлы жиыннан басталады. Кезекші ауысым өткен тәуліктегі жағдай бойынша есеп береді. Қанша шұғыл науқас түсті, қаншасы жоспарлы түрде келді, кімге ерекше назар қажет, кімнің жағдайы нашарлады, кім жансақтау бөліміне ауыстырылды — осының бәрін қараймыз. Бұдан кейін аурухананың жалпы жоспарлы жиналысына қатысамыз. Пациенттерді қарап, қандай тексерулер қажет екенін жоспарлаймыз: қандай талдаулар алу керек, қандай КТ немесе МРТ жүргізіледі, қосымша клиникалық зерттеулер қажет пе — соның бәрін анықтап, дәрігерлерге ұсыныстар береміз. Сондай-ақ науқасты біздің бөлімге жатқызуға бола ма, соны шешеміз».
Әрбір аман қалған адамның өмірінің артында науқастың ең қиын сәттерінде қасынан табылатын мамандардың күнделікті еңбегі жатыр. Бұл — тек білімді ғана емес, адамгершілікті, төзімділік пен ішкі жан қалауын талап ететін мамандық.