Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған гүл қою рәсімі Павлодардағы Мәңгілік алау жанында өтті. Майданда ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алып, соғыс зардабын көрген ата-әжелеріне құрмет көрсету үшін шараға өңірдің жүздеген тұрғыны қатысты.

Рәсім қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Ұлы Отан соғысы жылдары Павлодар облысынан майданға 45 мыңнан астам адам аттанған. Көптеген отбасы үшін соғыс ауыр сынақ болды – әскерге шақырылған сарбаздардың жартысынан көбі туған жеріне оралмады. Майдандағы ерлігі, табандылығы мен жанқиярлығы үшін өңірдің 10 мыңнан астам тұрғыны орден-медальдармен марапатталды. 23 жерлеске Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, тағы сегізі Даңқ орденінің толық иегері атанды.

Марина Байғазинова, Павлодар қаласының тұрғыны

Біз жұбайыммен жыл сайын Жеңіс күні гүл шоқтарын қойып, аталарымызды, осы ауыр соғыста қаза тапқан және аман қалған жандарды еске алу үшін келеміз. Менің Атам Варшаваны азат ету кезіндегі шайқастарда ауыр жарақат алған. Соғыстан кейін ол көп өмір сүрмеді. Анам 1940 жылы туғандықтан, әкесін іс жүзінде мүлде есінде сақтамаған тіпті есінде де сақтамаған.

Қала тұрғындарының қолдарында гүлдерден бөлек, Ұлы Отан соғысына қатысқан туған-туыстары мен жақындарының фотосуреттері болды. Олардың тағдыры Жеңіс тарихына мәңгі жазылып қалған. Арада ондаған жыл өтсе де, көптеген отбасы бұл рәсімге жыл сайын балаларымен және немерелерімен бірге келіп, батырлар туралы естелікті сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізіп келеді.

Валентина Сумина, Павлодар қаласының тұрғыны

Біз мұнда өте ертеден, балаларымыз кішкентай кезден бері келеміз. Қазір немеремізбен келіп жүрміз. Менің атам Александр Васильевич бүкіл соғысты өткерді, оның ағалары да соғысқан. Күйеуімнің әкесі соғысты жүргізуші болып өтіп, медальдармен марапатталған. Келінімнің атасы үш орденнің иегері, ол Т-34 танкісінде соғысқан. Біз бұл дәстүрді қасиетті санаймыз және бұл біз үшін қасиетті мереке.

Павлодар облысында бүгінде Ұлы Отан соғысының небәрі бес ардагері ғана қалды. Олардың әрқайсысы – соғыс жылдарындағы ерлік пен қасіреттің тірі куәгері, тұтас бір тарих.

Дильназ Қуанышбекқызы