Биылғы қыстың қаһары қатты. «Қазгидромет» желтоқсан айының соңында тағы да аяз күшейетінін айтып отыр. Ал, Павлодар облысының төтенше жағдай қызметкерлері биылғы қыстың әлегіне қаншалықты дайын? Құтқару қызметі мен техникалардың дайындығы қай деңгейде?

Павлодарлық төтенше жағдай қызметкерлері жақында республикалық оқу-жаттығуға қатысып қайтқан. Онда әр түрлі жағдайларға қарсы дайындықтарын шыңдапты. Қыс айларында болатын қиын жағдайларға жүзден астам азаматтық саалсының қорғаныс мамандары, 70-тен астам техника жасақталған.

Қайрат Шаймарденов, ТЖД бастығының м.а.:

Әр түрлі техника түрлері қысқа дайындалды. Тиегіш, самосвал, кран сияқты инженерлік техникалар да жасақталды. Сонымен қатар эвакуацияға арналған көлік түрлері де бар. Барлығы да жоғары дайындықта.

Павлодар обылсы бойынша қар мол түсетін 257 аумақ анықталған. Ол аумақтар айрықша бақыланатын болады. Сонымен қатар, облыстың жолдарында 200-ге жуық жылыту пункттері жұмыс істейді.

Қайрат Шаймарденов, ТЖД бастығының м.а.:

Әр жылыту пункті 15 мыңға жуық адамды қабылдайды. Пункттер жол бойындағы кафелерде, елдімекендердегі мәдениет үйі, мектеп сияқты мекемелерде орналасады. Онда жолда қалған адамдарға ыстық тамақ пен шай ұйысмдастырылатын болады.

Төтеншеліктер «Қазавтожол», «Казавтодор» мекемелерімен, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп қысқы жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аязды, боранды күндері азаматтар арнайы мобильді қосымша арқылы қайда тұтақтауға болатындығын біле алады.

Жанасыл Серікбол