Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында «Ән-аманат» жобасының қорытынды концерті өтті. Шараға өңірдің үздік жас әншілері қатысты. Елордасы Астана мен өнер ордас Алматы қаласынан да өнерпаздар ат салысты.

Ән-аманат жобасы Павлодар облысында екі жыл бұрын басталған. Осы уақыт аралығында аудандар мен ауылдардағы көптеген өнерпаздардың басын қосып, бір ортаға топастыра білді.Жобаның әуелгі мақсаты да осы болатын.

Бұндай бас қосу күнде бола бермейді деп, өңір өнерпаздары айрықша адйындықпен келген.

Облыс әншілерінен бөлек гала концертке Астана мен Алматы қалаларынан аранйы қонақтар да өз өнерлерін көрсетті.

Бекзат Әбілдин, дәстүрлі әнші (Алматы қаласы):

Осы өңірдің барлық әншілерінің басын қосып осындай кеш жасап жатыр екен. Ол үшін менің көңілім өте биікте. Өңіріміздің тумасы, елдің азаматы деп шақырып оытған соң өзіміздің үлесімізді қосып, бір әнімізді алып келіп отырмыз.

Концерт аясында халық әндері мен халық композиторларының шығармашылығы шырқалып, әндері орындалды. Ал, көрермен қауымның ыстық ықласы толассыз қошеметі.

Жанасыл Серікбол