24 мамыр күні Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде ашық есік күні өтеді. Таңғы сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін тұрғындар дәрігерлердің тегін кеңесіне жүгіне алады. Бұл күні тері қатерлі ісігі «меланома» туралы маңызды ақпарат алып, дер кезінде тексерістен өтуге мүмкіндік бар. Меланома деген не? Одан қалай қорғануға болады? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Меланома тері қатерлі ісігінің ең қауіпті түрлерінің бірі. Ол көбіне терідегі меңнен немесе күдікті дақтан дамиды. Ерте кезеңінде анықталса, емдеуге болады. Бірақ ауру асқынып кетсе, адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Сергей Борисенко, Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің бөлімше меңгерушісі

Бұл — өте қауіпті ауру. Ол білінбей дамиды. Кейде тіпті адам өзі байқамай қалуы мүмкін. Өкінішке қарай, көбінесе бұл дертке жас, терісі ашық түсті адамдар шалдығады. Диагностика жасау да оңай емес, себебі меңнен немесе дақтан тікелей биопсия алуға болмайды. Қазір шомылу маусымы басталып жатыр. Көп адам күнге күйіп, жағажайға барады. Алайда күннің астында ұзақ жүру теріге зиян. Бұл – меланоманың дамуына себеп болуы мүмкін.

Биыл 4 айында 774 адам онкологиялық есепке алынған. Оның ішінде 93 адамға тері қатерлі ісігі, 11 адам – меланома диагнозы қойылды. Бүгінде диспансерде тері қатерлі ісігімен 1328 адам есепте тұр. Оның 206-сы – меланомаға шалдыққан науқастар.

Сергей Борисенко, Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің бөлімше меңгерушісі

Соңғы жылдары бұл аурудың алдын алу әдістері көбейді. Бұрын тек ота жасалса, қазір оған қосымша сәулелік және дәрілік терапия да қолданылады. Былтыр 11 адам меланома диагнозымен тіркелді. Оның екеуі кеш анықталды. Егер сізде теріде өзгерістер болса, міндетті түрде маманға көрінген абзал. Бұл үшін жолдама алып, тіркелудің қажеті жоқ. Ашық есік күні келген әр адамға тегін кеңес беріледі. Қажет болса қосымша тексеруден өту ұсынылады.

Меланома көбіне күн сәулесінің зиянды әсерінен, күйіктен немесе тұқым қуалаушылықтан дамуы мүмкін. Сондықтан, 24 мамыр күні сағат 9.00 ден 12.00 ге дейін Павлодар қалалық онкологиялық диспансірінде тегін тексеруден өтіп, мамандардан кеңес алған жөн.

Сабина Жолдаспаева