Павлодар қаласындағы үшінші жылу электр орталығындағы номері төртінші қазандық агрегатының күрделі жөндеуі аяқталуға жақын. 10 наурызда басталған жөндеу жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Сондай-ақ, облыс орталығындағы өзге де негізгі жылыту құрылғыларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Толығырақ тілшіміз Жанасыл Серікбол тарқатсын.

«Павлодарэнерго» АҚ екінші және үшінші жылу электр орталықтарында күрделі және ағымдағы кеңейтілген жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар наурыз айында басталды. Биыл энергетиктер жалпы саны 10 ға жуық негізгі жылыту құрылдарына жөндеу жүргізіледі. Мәселен, қазір үшінші жылу электр орталығындағы номері төртінші қазандық пен номері бірінші турбо агрегатта күрделу жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Сергей Петров, 3-ЖЭО бас инженері

Номері төртінші қазандықтағы күрделі жөндеу жұмыстары наурыздың онында басталды. Маусымның 20 сында аяқтау көзделген. Қазір жұмыстың 80 пайызы аяқталды. Сондай-ақ, номері бірінші турбоагрегаттағы жөндеу жұмыстарының да шамамен 80 пайыздан астамы аяқталды. Жалпы 30 мамыр күні толықтай мәреге жеткіземіз.

Сондай-ақ, үшінші ЖЭО дағы тағы екі қазандық, яғни, номері екінші және алтыншы қазандықтар және номері алтыншы турбоагрегат жөндеуден өтеді. Бұл ғана емес, номірі бірінші түтін құбыры да жөнделеді.

Сергей Петров, 3-ЖЭО бас инженері

Станциядағы қазандық қондырғысы қатты қызған буды өндіруге арналған. Жөндеудің мақсаты негізгі міндеттер пайдаланудың сенімділігін және үздіксіз жұмыс істеуін мүмкіндігін арттыру . Сондай-ақ жабдықтың тиімділігі үшін осындай ауқымды жұмыстар жасаудамыз.

Жөндеу жұмыстары кезінде ЖЭО ның жұмысынада еш кедергі болмайды. Тұрғындарға қолайсыздық тумайды.

Сергей Петров, 3-ЖЭО бас инженері

Жөндеу кезінде станция жылу және электр жүктемесін сақтауды қамтамасыз етеді. Тұрғындардың тыныс-тіршілігіне еш кедергі келмейді. Кестеге сай барлық құрылғыларымыз дайын.

Үшінші ЖЭО да алты жүзге жуық адам еңбек етеді. Бір ғана қазандықтағы құбырдың ұзындығы 160 шақырымға жетеді.

Жанасыл Серікбол