Жылда елімізде 21 маусым – мәдениет пен өнер қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Осы ретте Естай атындағы мәдениет сарайында салтанатты шара ұйымдастырылды. Толығырақ тілші сюжетінде.

Мәдениет пен өнер ұлттан айнымайтын, бөлінбейтін мәйегі. Ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың келбеті. Сондықтан идеологиялық тұрғыда кез келген мемлекет пен халықтың мәдениеті мен өнері маңызды. Мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара барысында аймақ басшысы сөз алып, сала майталмандарын құттықтады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет пен өнер еліміздің айрықша салалары деп атап өтті. Асыл қазынамызды сақтау жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл 2 млрд тан астам қаражат бөлінді. Жаңа мәдениет үйлері бой көтеруде. Автобустар табысталды.

Әнші, күйшіден бастап, әртіс, режиссер, кітапханашы, көркемдік жетекші, музей қызметкерлері бәрі де - өнер адамдары. Сондықтан сіз бен біз үшін тапжылмай, демалыс күндері де қызмет ететін бұл азаматтар ерекше құрметке лайықты. Облыс әкімінің жылы лебізі марапаттау рәсімімен жалғасты. Күні кеше Жүсіпбек Аймауытов атындағы театрда премьерасы болған «Пері қатын» спектаклінің басты кейіпкері Талжібек Атамбектің еңбегі еленіп, «Құрмет» орденіне ие болды.

Талжібек Атамбек, Ж.Аймауытов атындағы қазақ-музыка драма театрының әртісі, «Құрмет» орденінің иегері

Құрметті өнер және мәдениет қызметкерлері құттықтаймын.

Еңбегіміз бағалана берсін. Менің ғана еңбегім емес, театрдағы әріптестер еңгі деп ойлаймын. Барлығына размет. Мен ризамын. Өсіріп жатқан адамдарға.

Сонымен қатар, бұл күні ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан да алғыс хаттар жауды. Оны Шарбақты ауданындағы «Рябинушка» вокалдық ұжымының көркемдік жетекшісі Галина Свидовская алды.

Галина Свидовская, «Рябинушка» ұжымының көркемдік жетекшісі

Мен «Рябинушка» вокалдық ұжымының көркемдік жетекшісімін. Ұжымда 10 керемет келіншек бар. Олар өмірдің түрлі қиын жағдайына қарамастан сахнада өнер көрсетіп, халықтың көңіл күйін көтереді. Ұжым 1972 жылдан бері жұмыс жасайды. Ал, мен 2003 жылдан көркемдік жетекшімін. Еңбегімді елеп, ескерген жандарға рахмет.

Жалпы, 50-ден астам өнер адамы түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Самал Қалиқызы