Ерекше балалар ортамызда еркін өмір сүре ала ма? Қазақстан халық партиясы жанынан құрылған мониторингтік топ мемлекеттік мекеме өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Онда ерекше балаларға жасалып жатқан қамқорлықты одан әрі арттыру мүмкіндіктерін талқылады.
Елімізде ерекше балалардың құқығы қаншалықты қорғалған? Қоғам оларға қаншалықты қамқор? Бұл мәселе әркез әр түрлі мінберлерде айтылып жүр. Қазақстан халық партиясы да айрықша назар аударып келеді. Өйткені, бұл мәселе әрқашан барша қоғам мүшелерінің назарында болуы тиіс. Уақық алға озып жатыр. Бұндайда ерекше балаларға қамқорлық кенже қалып қоймауы керек.
Мониторинг ерекше балалардың жағдайын толыққанды білуді мақсат етеді. Бүлдіршіндердің дамуына қаншалықты мүмкіндік бар? Оқыту, дамыту орталықтары қаншалықты дайын? Құқықтары қалай қорғалып жатыр? Осындай мәселелерді қаузап, қорытынды жасайды.
Дөңгелек үстел аясында осындай мәселер айтылып, әр түрлі мекеме басшыларымен талқыланды. Ең бақытты ел-балаларының болашағын жасай алған ел кендігі де еске түсірілді.
Жанасыл Серікбол