16 мамыр күні елімізде Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Биыл талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Олар ең жоғары балды көрсеткен нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Тестілеу 7 шілдеге дейін жалғасады.
Тестілеуге қатысатын күн мен уақытты талапкер өзі таңдайды.Биыл 216 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берді. Былтырмен салыстырғанда көрсеткіш өскен. Бірінші күні еліміз бойынша 4589 талапкер тест тапсырды. Павлодар облысында шамамен 800ге жуық түлек бірінші сынақтан өтеді.
Тимур Пыкыбаев, ұлттық тестілеу орталығының тестілеу администраторлары тобының жетекшісі
Негізгі ҰБТны 2 рет тапсыруға болады. Қайсысы жоғары болады, соның балын грантқа құжаттарын өткізуге болады. Жалпы, ақылы оқуға 3 рет бұл қаңтар, наурыз және тамыз айында ҰБТны ақылы оқуға түсу үшін тапсыруға болады.
Бірнеше жыл қатарынан ең көп таңдалатын пәндер комбинациясы өзгермей тұр. Ең көп «Математика-Физика» бағытын 16,5% талапкер таңдаған. Ал, ҰБТ құрылымы өзгеріссіз қалды. Әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау енгізілген. Бұл жүйе талапкерге өзінің әлсіз тұстарын көруге және дайындықты түзетуге көмектеседі.
Тимур Пыкыбаев, ұлттық тестілеу орталығының тестілеу администраторлары тобының жетекшісі
Қазақстан тарихы бойынша 20 сұрақ, 20 балл. Оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық 10 сұрақтан, 10 баллдан. Ал бейіндік пәндер, 40 сұрақтан. Әр бейіндік пәнде. Бірақ, максималды балл 100 балл. Яғни, 80 сұрақ, 100 балл болады. Оның себебі, сұрақтар арасында бір немесе бірнеше жауап дегені бар. Егер бала сұрақтарға дұрыс жауап берсе, бір сұраққа 2 баллдан береді.
ҰБТ-да әр қатысушы жеке тест нұсқасымен жұмыс істейді.Тест кезінде калькулятор, периодтық кесте қолжетімді. Бұның қағаз нұсқасы да беріледі. Айта кетейік, телефонмен кіруге болмайды. Ережені бұзған талапкердің нәтижесі бірден жойылады.
Сабина Жолдаспаева