1 мамырдын бастап жедел жәрдем қызметі жаңа тәртіппен жұмыс істейді. Енді денсаулыққа қатты қауіп төндірмейтін жағдайлар – мысалы, қан қысымының көтерілуі, дене қызуы немесе жеңіл жарақаттар сияқты шақырулар – емхана жанындағы мобильді бригадаларға жіберіледі.
Емханада құрылған бригадалар күн сайын таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін. Ал сенбі күні сағат 8 ден 12 ге дейін жұмыс істейді. Олар өмірге қауіп төндірмейтін жеңіл жағдайлармен айналысады. Қажет болса, олардың құрамына педиатр, кардиолог сияқты мамандар қосылады.
Ирина Мищенко, облыстық жедел-жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары
Төртінші шұғылдық категориясына не жатады? Бұл – науқастың өміріне тікелей қауіп төндірмейтін жағдайлар. Мысалы, басылмайтын дене қызуы, гипертония, яғни қан қысымының жоғарылауы, жеңіл жарақат, ұсақ жаралар. Сондай-ақ үй жағдайында жүргізу мүмкін емес, бірақ емхана немесе стационар деңгейінде жасалуы қажет медициналық көмек, - гипс ауыстыру, өңдеу, созылмалы ауырсынуды басу, рентген немесе басқа да зерттеуге апару. Оның қатарына науқастың өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық көмекті қажет ететін жағдайлар.
103 желісі арқылы қабылданған барлық шақыртулар «Көмек» ақпараттық жүйеде тіркеледі. Одан кейін смартфон арқылы мобильді бригадалардың телефондарына жолданады. Ал түнгі уақытта және демалыс күндері барлық шақыртуға жедел жәрдем бригадалары бара береді. Қазір станцияға орташа есеппен 700 қоңырау түседі. Желіде 70 бригада жұмыс істейді.
Ирина Мищенко, облыстық жедел-жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары
Қазір шақыру саны азайды. Вирустық инфекциялар өршіп тұрған уақытта жалпы қоңыраулар саны 200-300 ге дейін жететін. Қазір бұл көрсеткіш 40-70 шақыртуға дейін төмендеді.
Өзгеріс өз тиімділігін көрсетуде. Жедел жәрдемнің әрекет ету уақыты қысқарып, алғашқы көмек көрсету ауыр жағдайларға бағытталады. Сонымен қатар медициналық көмекке кешігу азайып, адам өмірін сақтап қалу мүмкіндігі арта түседі.
Әйгерім Тоқпанқызы