2021 жылдың шілде айынан бастап Әкімшілік кодекстің сот жүйесіне өзгерістер енгізілді. Енді жария-құқықтық дау бойынша татуластыру рәсімдері көзделіп отыр. Дауларды шешудің соттан тыс процедуралары бар. Бұл қаржылық шығындарды азайтып, мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Медиацияның басты міндеті-сот процесіне дейін туындаған жанжалды тез және тиімді шешу. Ол үшін арызданушылар үшінші, бейтарап тарапты қоса алады. Сотқа дейінгі іс жүргізетін медиатор, арнайы дайындалған маман немесе судья татуластырушы ретінде қатысады. Сот практикасында татуластыру рәсімдерінің 3 түрі белгіленген.
Ерсін Қожабергенов, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:
Бұл өз бетінше жасалатын татуласу туралы келісім. Делдалдың көмегімен жасалатын Медиация туралы келісім. Және адвокаттардың қатысуымен жасалатын парситипативті рәсім тәртібімен жасалатын дауларды реттеу туралы келісім.
Сотқа дейінгі татуласу - дағдарыс жағдайында өзекті саналады. Егер олар мысалы, несие беруші мен борышкер болса, әркім өз артықшылықтарына ие болады.
Ерсін Қожабергенов, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:
Сот жүйесінде жиі қолданатын татуластыру рәсімі- бұл медиация. Келісімдердің ең көп саны талапкерлер жеке тұлғалар болып табылатын даулар бойынша бекітілді.
Жаңа жүйе татуластыру рәсімдерін белсенді жүзеге асыру - қоғамдағы жанжалды азайтуға, мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыруға, дауды тез шешуге және азаматтардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Алайда, сот практикасында медиативтік келісімнен кейін тараптар қайтадан сотқа жүгінетін жағдайлар да болады.
Ерсін Қожабергенов, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:
Ия, әрине, мұндай жағдайлар болады. Әдетте, біз өз пікірімізді білдіріп, шарттарын талқылап, жариялау арқылы бірлескен шешім қабылдаймыз.
Өзара ынтымақтастық аясында өңір соттары Кәсіпкерлер палатасымен, Әділет департаментімен, салық органы және әкімдік арасында меморандумға қол қойды. Аталған ведомстволар медиативтік саясатты іске асыруға оң әсер етеді.
Әйгерім Тоқпанқызы