Өңірде көші-қон тәртібін бұзғандар анықталды. Бес күнге созылған «Мигрант» жедел-профилактикалық шарасында тәртіп сақшылары шетел азаматтарының тіркелуі мен ел аумағында болу тәртібін қатаң тексерді. Тексеру нәтижесінде бірнеше заңбұзушылық фактілері тіркеліп, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
Павлодар облысында «Мигрант» рейді аяқталды. Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 352 адамды анықтап, жауапкершілікке тартты. Оның 237-сі — шетел, 115-і — Қазақстан азаматтары. Рейд барысында рұқсатсыз еңбек еткен 122 шетелдік тіркелді. Заңсыз жұмысқа қабылдаған 39 жұмыс беруші мен құжаты жоқ шетелдікті еңбекке тартқан кәсіпкер де жауапқа тартылды. Сонымен қатар, 14 шетел азаматы елден шығарылып, тағы 5 іс сотқа жолданды. Рейд кезінде іздеуде жүрген бір қылмыскер ұсталды.
Сабина Жолдаспаева