Өңірде жыл басынан 3 мың бір жүз тоқсан алты адам ішімдік ішіп қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Ішімдік ішкен адам өз әрекетін толық бақылай алмайды. Мұндай күйде жүргендер жиі ашуланып, агрессивті әрекеттерге барады. Статистика көрсеткендей, көп жағдайда бұзақылық, отбасындағы жанжал, ұрлық және басқа да ауыр қылмыстар мас күйде жасалады. Жаза күшейсе де, сылқия тойып жүретіндер азаймай тұр, – дейді тәртіп сақшылары. Мысалы, облыс орталығында Малайсары батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адамның мас күйінде жүргені туралы хабар түскен. Тағы бір оқиға Құдайбердиев көшесінде болған. Тұрғындар ішімдік ішіп отырған адамдарға шағымданған. Кешкісін көпқабатты үйдің терезесі маңында ер адамдар топтасып, ішкен. Аталған мекенжайларға тәртіп сақшылары жіберіліп, құқық бұзушылар ұсталды. Олар медициналық айықтырғышқа орналастырлды. Әкімшілік хаттама толтырылды.