Жолдағы тәртіп әрбір жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздігінің кепілі. Павлодар облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ауқымды шаралар жүргізіледі. Полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда күн сайын профилактикалық жұмыстар атқарады.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы аясында жүргізушілермен және жолаушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұл шара жолдағы тәртіпті күшейтуге бағытталған.Тәртіп сақшылары 2 мыңнан астам жадынама, брошюра және ақпараттық парақшалар таратты. Мұндай үгіт-насихат жұмыстары жүргізушілердің жауапкершілігін арттырады. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері апат жиі болатын учаскелерге ерекше назар аударады. Түнгі уақытта полиция қызметкерлері жолдың қауіпті аймақтарында кезекшілік атқарады. Олардың көліктерінде арнайы дабыл қағатын құралдар қосулы болады. Бұл жүргізушілерге ескерту белгісі. Полиция өкілдері көлік иелерін жолға шығар алдында техникалық жағдайын мұқият тексеруге шақырады. Жүргізушілерге сақтық танытып, жол ережелерін жүргізу қажеттігі ескертіледі.
Сабина Жолдаспаева