Кенжекөл ауылында қазақ күресінен қоғам қайраткері Кемер Әшімбетовты еске алуға арналған турнир өтті. Республикалық байрақты бәсеке биыл жиырма тоғызыншы рет өтті.

Турнир 23 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өтті. Баршасы да бала кезден осы спортты меңгерген майталмандар. Ашылу салтанатына қатысқан қаділі қонақтар барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Серік Егізбаев, ҚР парламенті мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы

Мына бүгін жарысқа қатысып жатқан біздің балаларымыз бен қыздарымызға сәттілік пен жеңіс тілеймін. Осындай жарыстар рух тәрбиелейді. Шарамыз құтты болсын! Қатысқандарға жеңіс тілеймін.

Бұл турнир алғаш рет 1995-жылы Кемер Әшімбетовтың туғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Сол жылы шағын көлемде өткен жарыс еді. Бүгінде республиканың балуандары асыға күтетін бәсеке.

Республикалық деңгейде жиырма тоғызыншы рет өтіп жатқан жарысқа ұлдар мен қыздар 8 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

Еркін Камшатов, турнирдің бас төрешісі

Алдымызда 23 жасқа дейінгі Ел чемпионаты өтейін деп жатыр. Бұл соған старт ретінде өтіп жатыр. Қатысушылар ішінше әлем чемпионатына қатысушылар мен жүлдегерлер, спорт шеберлері бар.

Шара әрмен қарай мерекелік концертке ұласты. Белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі, ұстаз Рамазан Стамғазы жұртшылыққа әнмен шашу шашты.

Рамазан Стамғазы, қазақстанның халық әртісі

 «Адам айдаса бар ма, дәм айдаса қалма» дейтін қазақ қой. Арнайы шақырумен Кереку өңіріне қазақтың үлкен қайраткері Кемер ақсақалдың 90 шылдық мерейтойына шақыру алдым. Бұл елге жыл сайын келіп, үлкен кештерге қатысып, майталман әншілердің даталы күндерінде ән салып жүрген жағдайларымыз бар.

Халық жүрегінен орын алған әнші Кенжекөл сахнасында халық әндерін де, халық композиторларының да әндерін шырқады. Концертке Рустембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрі сүйемелдеді.

Жанасыл Серікбол