Өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен семинар өтті. Кездесуде жемқорлықтың алдын алу және оның зияны туралы кеңінен айтылды. Шараға Ішкі істер министрлігінің Павлодар қаласындағы оқу орталығының 100-ден астам тыңдаушысы қатысты.

Шараның мақсаты болашақ полиция қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты ақпараттандыру. Мамандар қатысушыларға парақорлықтың қоғамға тигізер зияны мен құқықтық салдары туралы түсінік берді. Оған жол бермеудің тиімді тәсілдері мен заңға сәйкес әрекет етудің маңыздылығы сөз болды.

Еркеғали Жанғазы, Павлодар облыстық қоғамдық кеңес мүшесі

Болашақ полиция қызметкерлеріне жемқорлық жөніндегі Павлодар облысындағы нәтижелері және полиция департаментінің орынбасары өзінің өмірлік тәжірибесімен және заңды бұзбаудың маңыздылығы жөнінде айтылды.

Мұндай шаралар жас мамандардың жауапкершілігін арттырып, адал қызмет етуге ынталандырады. Семинар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сабина Жолдаспаева