1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, Павлодарда тәртіп сақшылары ерекше шара ұйымдастырды. Онда кішкентайлар ән айтып, сурет салып, квест-ойындарына қатысты. Толығырақ тілші сюжетінде.

Павлодар қаласының Орталық жағалауында «Қазақстан балалары» концепциясы аясында шара ұйымдастырылды. Онда шаһардың кішкентай тұрғындары үшін бірнеше алаң орнатылды.

Ирина Темірғалиева, ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы

Шараның негізгі мақсаты жастармен байланыс орнатып, сенімді қатынас құру. Құқыққорғаушыларға сенуге болатыны, олардан көмек сұрауға болатынын тағы бір мәрте еске салу. Осы ретте тұрғындарға, қала қонақтарына айтқым келеді, полицияға сеніңіздер, кез келген жағдайда сіздерге көмектседі.

Одан бөлек, шара қонақтары жедел әрекет ету жасағы мен кинологиялық қызметтің жұмысымен танысты. Алаңдарда балалар өнерлерін көрсетіп, сурет салып, квест-ойындарға қатысты.

Ирина Темірғалиева, ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы

Бүгін кеңес беру алаңы орнатылды. Мысалы ЖИТС инфекциясының алдын алу орталығы, облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары кеңес береді. Осы жерде психологтар отыр. Түрлі ойындар ойнатылады. Сондай-ақ, «Қызыл жарты ай» қоғамы алғашқы медициналық көмек көрсетуді көрсетеді.

Іс-шара қаламыздың кішкентай тұрғындарының көңілінен шықты.

Даяна Түсіпбаева, Павлодар қаласының тұрғыны

Маған жедел әрекет ету жасағының өнер көрсетуі ерекше ұнады. Сонымен қатар, қызметтік иттер де қатысып, олардың ақылды екенін көрсетті. Бұл әсерлі болды.

Розали Мендібаева, Павлодар қаласының тұрғыны

Полицейлердің жұмысы маңызды. Олар бізді қорғайды, түрлі қауіп-қатерден сақтайды. Оларға қызметтік иттер көмектеседі.

Соңғы уақытта елімізде балалардың қатысуымен түрлі қиын жағдайлар жиілеп кетті. Сондықтан үлкендердің сенімі мен қолдауы аса маңызды екенін ұмытпауымыз қажет.

Самал Қалиқызы