Көкшетау қаласында алғаш рет мәдениет және ақпарат саласындағы мекемелер қызметкерлері арасында ауқымды спорттық спартакиада ұйымдастырылды. Жарыс салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өтті. Додаға біздің арна қызметкерлері де қатысып, биік тұғырдан көрінді.

Спартакиадаға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстық филиалдарының командалары, «Қазтелерадио» АҚ және Солтүстік Қазақстан облыстық «Ботай» музейінің қызметкерлері қатысты. Бұл мәдениет және ақпарат саласының өкілдері бас қосқан алғашқы ірі спорттық кездесу. Жарыс үстел теннисі, қол күрес, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол мен волейбол сынды спорт түрлерінен өтті.

Разия Ыдырысбаева, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qyzyljar» телеарнасының директоры

Бұл шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау. Сондай-ақ осы мекемелердің, қызметкерлердің арасында корпоративті рухты және дене шынықтыруды көздеп отыр. Енді біздің команданың дайындығы, ниеті жүлделі орынға ие боламыз деген ниетпен келіп отырмыз. Бастысы әрине орын емес, қатысу. Осы мақсаттарды жүзеге асыру.

Көкшетау төрінде өткен додада «ERTIS» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Сабина Жолдаспаева екі бірдей спорт түрінен жүлделі 1-орынды жеңіп алып, арна абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, өзге де арна қызметкерлері де жарысқа тыңғылықты дайындықпен барды.

Сабина Жолдаспаева, «Ertis» телеарнасының редакторы, спартакиада жеңімпазы

Естіген сәттен бастап, өзім дайындала бастым. Бүгін 2 спорт түрінен қатыстым. Бұл теннис және тоғызқұмалақтан. Енді өзіміздің әріптестерімізбен ойын өтті. Біріншіден бұл таныстық, екіншіден өзіміздің денсаулығымызға пайдалы деп санаймын.

Айта кетейік, бұл жарыс іріктеу кезеңі болып табылады. Әр спорт түрінен жеңіске жеткен қатысушылар алдағы уақытта Астана қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

Қымбат Садық