«Өзгеріс желі». Дәл осындай атаумен Павлодарда осымен үшінші жыл қатарынан педагог-психологтарға арналған форум өтіп отыр. Оған облыстың 100-ден астам психологі қатысты. Жалпы шара жайлы тілшіміз тарқатсын.

«Өзгеріс желі – 2025» форумын өңірлік психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырды. Психологиялық форум тәжірибе алмасу, мектеп пен отбасы арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға бағытталған педагог-психологтардың жұмысындағы тиімді тәжірибелерді таныстыру үшін кәсіби платформаға айналды.

Жанар Ордабаева, өңірлік психологиялық орталығының әдіскері

Мақсаты педагог психологтардың тәжірибелеріне көмек ретінде, ата аналармен жұмыс істегенде, заманауи әдістерді қолдануға, тәжірибе алмасу ғой психологтардың өзара.

Қазіргі таңда Павлодар облысының білім беру мекемелерінде 588 педагог-психолог жұмыс жасайды. Форумда олардың үздік жұмыстары көрсетілді. Жалпы түрлі бағыттар бойынша 5 секция жұмыс жасады. Шара бағдарламасына заманауи үрдістер мен білім беру жүйесіндегі отбасыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің инновациялық тәжірибесін қамтитын тақырыптар қаралған мастер-класстар енді.

Айша Дәулет, З.Ақышев атындағы мектептің педагог-психологі

Бүгінші шарадан балаларға қандай диагностикалар өткізіп, қандай жағынан қарап бақылап тәжірибесі бар мұғалімдердер көмек сұрап, өз оқушыларыма соларды өткізгім келеді. Көбінесе орта буындағы бастауыштағы оқушылар келеді. Отбасы, буллинг туралы айтады. Көмек сұрауға келеді.

Пленарлық кезеңде мамандар баяндамаларын ұсынды. Үздік тәжірибелер мен кейстер таныстырылды.

Ирина Карпова, өңірлік психологиялық орталығының әдіскері

Конечно самые актуальные проблемы сейчас... Біздің мамандар үшін қазіргі таңда маңызды мәселелеррдің бірі құжат жүргізу. Себебі жұмыс көлемі артты. Қағаз жұмыс көбейгендіктен, практикалық жағы ақсап қалады. Ауыр жағдайлар көбінесе балалардың мінез құлқы, біліміне қатысты болып жатады. Кейде ата аналар қолын созбай, психолог мәселемен жалғыз өзі қалып қояды.

Форум соңында облыстың үздік психологиялық қызметі анықталып, үздік мамандар марапатталды.

Самал Қалиқызы