Павлодар қаласында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуды мақсат еткен «AntiParaCraft 2025» республикалық квест-ойын басталды. Еліміздің әр өңірінен жиналған белсенді жастар адалдық, әділеттілік және азаматтық жауапкершілік тақырыптарын шығармашылық тұрғыдан талқылап, өз идеяларымен бөліспек. Толығырақ алдағы сюжетте.

Дәстүрлі «AntiParaCraft 2025» республикалық квест-ойыны Павлодарда алғаш рет ұйымдастырылды. Оны облыстық Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Асыл заман» қоғамдық қоры қолға алды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет те үлкен қолдау көрсетуде. Негізгі идея - қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Айгүл Маликова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Заң мен тәртіп қағидасының басты мақсатында қоғам арасында заң үстемдігін дамыту, бүгінде осы бағытта мақсат-міндеттер айқын. Әсіресе, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, азаматтық белсенділікті арттыур мемлекеттің басты бағдарлары болып табылады.

Квест-ойынның алғашқы күні командалар таныстыру ұсынып, брейн-ринг интеллектуалды сайысында бақ сынады. Сонымен қатар қатысушылар жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты.

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы бөлімінің басшысы

Әрине басты мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастар арасындағы белсенділікті арттыру. Жастар – біздің болашағымыз. Олардың ой-өрісін әрі қарай дамыту болып табылады.

Қатысушыларда ойынға қызу дайындықпен келген. Шара студенттердің азаматтық ұстанымын дамытып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Еркеғали Жанғазы, Павлодар облыстық қоғамдық кеңес мүшесі

Жастар арасында студенттер өте белсенді. Олардың арасында осындай өткізу, оларға ой салу өте маңызды. Өйткені, қазіргі уақытта мемлекеттік саясат жемқорлықтың алдын алу. Сол алдын алу бағытында жастарға жемқорлықпен күресу, оны болдырмау , жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мұндай ойындар өтең маңызды және олардың болашақта саналы азамат болуына үлкен әсерін береді деп ойлаймын.

Квест-ойын алдағы күндері де жалғасады. Қатысушылар түрлі тапсырмалар мен тренингтер арқылы өз білімдерін шыңдап, адал қоғам құруға қатысты нақты идеялармен бөліспек.

Қымбат Садық