Қаламыздағы мектептердің бірінде өткен ашық диалог барысында оқушылар өз арман-мақсаттары мен жетістіктерімен бөлісіп, қатарластарына мотивация берді. Шара «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.

Павлодар қаласындағы №41 мектептің оқушылары бірі-бірінен асып түскен. Олар білім, спорт, шығармашылықта белеске жетіп қана қоймай, кәсіпкерлікпен айналысып, қаржылық сауаттылығын арттырып келеді. Мәселен, мектеп түлегі Айым Құсайынова қазір өз ісін дөңгелетіп отыр.

Айым Құсайынова, №41 ЖОББ бейіндік мектептің оқушысы

Мен былтыр өзім гипс қобдишаларын жасайтын брендімді аштым. Бейнелер арқылы үйрендім, ешқандай курсқа қатыспадым. Әлеуметтік желі арқылы сатуға қойдым. Осыған байланысты мен өз бизнесімді аштым. Ата-анама тәуелді болмай, енді өзім ақша тауып отырмын. Бала күнімен шығармашылық бағытты жақсы көремін, сондықтан гипстен сандық, қобдишалар жасауды жөн санадым. 20 данадан бастап сатамын. Көбінесе тойларға тойбастар ретінде алады.

1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елімізде «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы енгізілді. Осылайша 22-мамырдан бастап 1-маусымға дейін әр күн тақырыптық атауға ие болды. Жоба аясында оқушылар идеяларымен бөлісіп, қатарластарына мотивация, ынта беру мақсатында «Менің болашағым» ашық диалогында өздерін таныстырды.

Даниял Бәкен, №41 ЖОББ бейіндік мектеп директорының орынбасары

Бүгінгі 27 маусым өткізіп жатқан іс шарамыздың аты «Балалар үні» деп аталады. Менің болашағым атты акциясы ұйымдастырылды. Бұл жерде талантты дарынды ұстаздарымыз, оқушыларымыз қандай кәсіпті көріп тұрғандарын көрсететін болады. Жобаларды іске асыратын боламыз.

Негізі «Қазақстан балалары» бастамасының мақсаты – балалық шақтың мемлекет үшін аса маңызды екенін қоғамға кеңінен ұғындыру және оны мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде көрсету.

Самал Қалиқызы