Облыс орталығындағы 6679 әскери бөлімде балаларға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл шара Халықаралық балалар күніне орай өткізіліп, жасөспірімдерге әскери өмірмен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді. Балалар бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, әскери техника мен құралдарды көрді. Сондай-ақ, олар әскери киімдер киіп, түрлі ойындар мен жарыстарға қатысты.

Әскери бөлімде өткен шараға «Жас ұрпақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылды. Жас қонақтарға жауынгерлік техника көрсетіліп, әскери өмірдің ерекше сәттері таныстырылды. Балалар әскери бөлім аумағын аралап, техникамен және қару-жарақ үлгілерімен жақын танысуға мүмкіндік алды.

Негізгі мақсат – жасөспірімдердің бойында патриоттық рух қалыптастыру. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың болашақ кәсіби бағытын дұрыс таңдауға сеп болады. Шараға қолдау көрсеткен «Amanat» партиясының өкілдері балаларға естелік сыйлықтар табыстап, қуанышқа ортақтасты.

Катерина Павлова, «Жас ұрпақ» балалар үйінің тәрбиеленушісі

Болашақта әскери салада қызмет етуді армандаймын. Спортқа деген құштарлығым да бұл жолды таңдауыма әсер етті. Мен үшін әскер — тек тәртіп пен жауапкершіліктің мектебі ғана емес, жақындарымның сенімі мен өзімнің абыройым.

Шара соңында бөлім өкілдері балаларға әскери қызмет туралы танымдық фильм көрсетті. Онда әскердің міндеті мен маңыздылығы жайлы айтылды. Бұдан кейін балаларға естелік сыйлықтар берілді. Алдағы уақытта жасөспірімдер басқа да салалармен танысу үшін түрлі кездесулерге қатысады.

Байтұрсын Жұмабай