Кредит төлей алмай жүрген азаматтар өздерін банкрот деп жариялай алады. Мемлекет басшысы өткен жылдың аяғында жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасына қол қойды. Халықтың әл ауқатын жақсартатын құжат заңды күшіне 2 айдан кейін енеді.

Қазір қарызға белшесінен батып, банктан ақша алған әрбір азаматтың басында кредит бар. Біздің елде қарызға өмір сүру үй¬рен¬шікті жағдайға айналған. Ел азаматтарында бір-екіден, тіпті үш не¬сиесі бар. Ел Президенті

қол қойған банкрот туралы заң негізгі 3 рәсімдерді көздейді.

Ержан Тоқтарханов, мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

Заң бойынша банкроттың 3 түрі бар. Соттан тыс банкрот, сот банкроттығы үшінші ол қаржылық қабілетін қалпына келтіру процедурасы. Бірінші түрі туралы айтатын болсақ, соттан тыс банкроство. Ол біріншіден біздің азаматтар кез келген банктан кредит алатн болса, оны төлей алмай жүрсе, 12 ай ішінде. Және 5 млн 500 теңге аспаса өз дүние мүлігі жоқ болса, Ол мемлекеттік кірістер департаментінің жергілікті органына келіп, өзінің арысыз беруге мүмкіндік бар.

Құзырлы мекемеге арыз түскеннен кейін барлық құжаттар қатаң тексерістен өтеді. Соттан тыс банкроттық тармақта 3 ұйым, яғни, екінші деңгейлік банк, микроқаржы және коллекторлық агенттіктерде кредиті болса банкрот болып жариялау үшін құқығы бар.

Ержан Тоқтарханов, мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

Екінші ол сот банкрот-сы ол тек қана 3 организациясы ғана емес. Кез келген қандай қарызы болса, оны өтей алмай жүрсе дүние мүлігі болмаса сот арқылы өзі банкрот қылып жариялау мүмкіндігі болады. Үшінші процедура ол төлем қабілеттігін қалпына келтіру процедурасы. Ол процедура бойынша бір шарты қарызы өзінің дүние мүлігі болсақарызы сомасынан аспау керек.

Ал сот арқылы банкроттық қарыз 5 млн 500 мың теңгеден асқан жағдайда қолданылады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылады. Түскен қаражат белгіленген кезекпен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады. Банкрот деп танылған тұлға 5 жыл бойы банктан несие ала алмайды.

Ержан Тоқтарханов, мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

Және де бұл заңның ерекшілігі ол банкрот болып жарияланған адам. 5 жылдың ішінде бір банкіден кредит ала алмайды. Және де қайталап банкротво процедурасын 7 жылдан кейін ғана қолданады.

Заң халықтың әл ауқатын жақсартуға бағытталғанымен, шектеулері де жоқ емес. Заң толық 60 күннен кейін күшіне енеді.

Әйгерім Тоқпанқызы