Негізгі Жаңалықтар Махамбет мұрасын күймен жеткізген жас өнерпаз

Махамбет мұрасын күймен жеткізген жас өнерпаз

Екібастұз ауылдық аймағы

Атырау қаласында өткен республикалық «Махамбет оқуларында» Екібастұздық оқушы Нұрсәуле Еркінбайқызы жүлделі екінші орын иеленді. Шығармашылық байқауға еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам оқушы қатысып, бес бағыт бойынша өнер көрсетті. 8-11-сынып оқушылары ақын мұрасын насихаттап, өздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.


Нұрсәуле Еркінбайқызы бұл байқауға төрт жылдан бері дайындалып келеді. Бұған дейін үш рет қатысқан ол биыл да бағын сынап, республикалық кезеңге жолдама алды. Алдымен қалалық кезеңде топ жарып, кейін облыстық іріктеуден сүрінбей өткен. Нәтижесінде үздіктер қатарынан көрінді.

Нұрсәуле Еркінбайқызы, Бәйет ЖОББ мектебінің оқушысы

Өзі осы Махамбет оқулары бес бағытқа бөлінеді. Мен Шашақ найза шалқар күй бағыты. Осы күй бағыты бойынша 6 күй апардым. 6 күйімді де жақсы дайындалдым Республика кезеңіне. Кішкентайымнан бастап менің ұстазым әрі анам мені оқуларға, олимпиадаларға көқп қатыстырды. Яғни дарынымды дамытты, ашты. Алдыңғы жылы айқанат олимпиадасының финалына 64 мың баланың 1000 баласына кіріп,барып келдім. Үлкен сезім қалдырды.

Күй бағыты бойынша бақ сынаған қатысушылардың арасында Нұрсәуле жалғыз қыз болған. Ол 20 ұл баланың арасынан суырылып шығып, екінші орынға ие болды. Жас күйші Махамбеттің шығармаларын орындау үлкен дайындықты ғана емес, әр туындының мазмұны мен рухын терең сезінуді талап ететінін айтады.

Нұрсәуле Еркінбайқызы, Бәйет ЖОББ мектебінің оқушысы

Махамбет өзі бір жағынан батыр бір жағынан күйші, ақын болғандықтын оның күйлері рухты болады. Әр күйін жеткізу өте үлкен қиындық. Яғни, түпкі тамыры бір болғанымен, әр күйдің тартылысының техникасы әртүрлі. Жақсы тартасын деп айтады. Бірақ оның құпиясы күйді сезініп ойнау. Сезініп ойнау арқырылы ғана күйші өзінің тартып жатқан көрермендеріне сол күйді жан тәнімен жеткізе алады.

Нұрсәуленің жетістігі тек күй өнерімен шектелмейді. Ол Шәкәрім, Абай, Ақберен оқуларына қатысып, пәндік олимпиадаларда да жүлделі орындарға ие болып жүр. 14 жастағы оқушының бойындағы ізденіс пен өнерге деген қызығушылығы бала кезінен дамып келеді. Ал жас күйші алдағы уақытта ұлттық музыкалық мұраны тереңірек меңгеріп, Махамбеттің күйлері арқылы олардың тарихы мен мәнін кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді.


Сабина Жолдаспева






Бөлісу