Павлодарлық оқушы Harvard extension school-ға қабылдау хатын алды
Павлодар қаласындағы №47 мектептің он бірінші сынып оқушысы АҚШ-тың беделді оқу орнына қабылданды. Айханым Оқасова бұл белеске қандай жетістіктері арқылы қол жеткізді? Шетелдің топ-университетіне түсу үшін талапкерлерге не қажет? Кезекті сюжеттен көрейік.
17 жастағы Айханым Оқасова тоғыз тілді меңгерген. Ол беделді шетелдік жоғары оқу орнына түсуді 6-сыныптан бастап мақсат еткен. Сондықтан портфолио жинап, еріктілер қатарында болып, ғылыми жобалар мен түрлі байқауға белсене қатысқан. Халықаралық емтихандарды сәтті тапсырып, университеттерге өтінім жолдаған бойжеткен бірнеше беделді оқу орнының грантын иеленді. Олардың ішінде әлемге әйгілі Гарвард университетінің Harvard Extension School оқу орнынан ресми қабылдау хаты да бар.
Аталған мектеп талаптары бойынша үміткердің мектепті тәмамдағанына кемінде бес жыл уақыт өткен болуы шарт. Бұған қарамастан, кейіпкеріміздің оқуға түсуіне ерекше жағдай жасалған. Бұған бірнеше себеп негіз болған.
Ailingo платформасы халықаралық деңгейде мойындалған әрі қолданушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Бүгінде Айханым шетелдік диплом алуды ғана емес, әлемдік озық әдістемелерді меңгеріп, жинақтаған мол тәжірибесін туған елінің дамуына жұмсауды басты мақсат етіп отыр.
Жұлдыз Қабылденова