Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін
Павлодар ауданы
Павлодар ауданында төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Басты мақсат – өрттің шығуы мен тұрғындардың улы газдан улануының алдын алу.
Рейд барысында құтқарушылар әлеуметтік жағдайы төмен, тұрмысы қолайсыз азаматтар тұратын жеке үйлерді аралап, сондай-ақ қараусыз қалған және иесіз ғимараттарды тексереді. Мұндағы басты міндет – аталған нысандарда тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдардың бар-жоғын анықтау.
Мадияр Имахмет, Павлодар ауданы ТЖБ инженері
Павлодар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жеке тұрғын үй секторын аралап, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, сондай-ақ қоғамға жат өмір салтын ұстанатын азаматтарды тексеруде. Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, улы газдан уланудың алдын алу шаралары жөнінде ақпарат беру жүргізілуде.
Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарының айтуынша, мұндай профилактикалық рейдтер қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтап, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Самал Қалиқызы