Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру
Мемлекет басшысы Жолдауында білім беру саласындағы түйткілдерге де арнайы тоқталды. Президент қазіргі заманның басты қуаты білім, ғылым және озық инновацияларда екенін атап өтті. Сонымен қатар, ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп, олардың қызметін оңтайландыру мәселесіне баса назар аударылды.
Президент ұстаздарды артық жүктемеден арылту маңызды екенін жеткізді. Бұрынғы қағаз жүзіндегі есептердің орнын бүгінде платформалар мен цифрлық жүйелер басып отыр. Салдарынан мұғалімдер өздерінің басты миссиясына толық көңіл бөле алмай қалып жатады. Осыған байланысты, педагогтердің өз міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін артық жұмыстарды доғару тапсырылды.