Өңірдің азық-түлікті тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар 12 тауар бойынша қосымша қор сақталған. Қазіргі уақытта Павлодар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы серіктес дүкендеріне бес тауарды жеткізеді. Сонымен қатар, корпорация әлеуметтік маңызы бар тауар өндірушілерді несиелу жобасын да іске асыруда.
Күнбағыс, ұн, тауық жұмыртқасы, тұз, қарақұмық сияқты маңызды тауар түрлерін арзандатылған бағада алуға болады. Серіктес дүкендер оларды нарықтық бағадан 10 пайыз арзан сатуға міндетті.
Тұрақтандыру қорына биыл күріш, күнбағыс майы сияқты тауарлармен қосымша тағы толықтырылады. Облыс бойынша 200 дүкен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен серіктес. Бұндай дүкендер аудандарда да орналасқан.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында биыл 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тауар өндірушілерге несие беру жұмыстары да жүруде. Ол несиенің жылдық мөлшерлемесі 3 пайыз.
Жанасыл Серікбол