Павлодарлық оқушы экзотикалық жемістің отыз шақты түрін өсіреді. Катаев атындағы оқушылар сарайының BIOGREEN экологиялық үйірмесінің тәрбиеленушісі үй жағдайында әр түрлі тропикалық жемістерінің алғашқы өнімін алған.
Виктория 12 жасынан экзотика әлемінің түрлі жеміс жидектерін өсіріп, оларды күтіп баптауды сүйікті ісіне айналдырған. Ең алғашқы тәжірбиесі анар жемісінің кішкентай сүйегінен басталған. Бүгінде тропикалық өсімдіктердің 30-ға жуық түрін өсірген.
Виктория Тюряхина, BIOGREEN экологиялық үйірмесінің оқушысы:
Жеміс тұқымдарын қаламыздағы базарлардан сатып аламын. Кейде шет елде демалып келген достарым әкеліп береді. Және жеміс тұқымдарын Омбы қаласында оқитын әпкем Настя жібереді. Бүгінде мен экзотикалық өсімдіктердің жаңа түрлерімен қатар өсірудің әр түрлі әдістерін меңгеру үстіндемін.
Ол оқушылар сарайының жасыл технологиялар зертханасында маракуйя жемісін гидропоникалық әдісі арқылы өсіруге эксперимент жасаған. Топырақсыз, керамзитке отырғызылған маракуйя жемісі бүгінде төбеге дейін жайқалып өсіп тұр. Ал жуырда грейпфрут жемісін өсіруіне кіріскен.
Виктория Тюряхина, BIOGREEN экологиялық үйірмесінің оқушысы:
Мен дүкеннен арнайы жеміс-жидектерді сатып аламын. Олардың тұқымын алып, өсіремін. Олар өскесін, топыраққа саламын. Сосын өсімдіктерді күтіп, баптауды бастаймын. Үй жағдайында өседі.
Виктория өзі салған анар, грек жаңғағы, маракуйя, гранадилла, лонган, авокадо, манго, клементин, мандарин, апельсин, лимон, карамбола, тамарилло, имбирь, ананас, грейпфрут, киви жемістерінің дәмдерін де көрген. Сондай-ақ Виктория біліктілігін арттыру мақсатында түрлі олимпиадаларға қатысып жүр.
Айгерім Оразбаева, BIOGREEN экологиялық үйірмесінің жетекшісі:
Викторияның табиғатқа, қоршаған ортаға деген қызығушылығы мені қуантады. Оның еңбекқорлығына тәнтімін. Тіпті, ең алғаш анар жемісін өсіру үшін ол 10 шақты рет әрекет жасады. Сәтсіздік оны тоқтатпайды. Ал, қазір жаңашылдықты меңгеріп, экзотика әлемін зерттегенді ұнатады.
Жуырда «Менің Отаным – Қазақстан» ХХІІ өңірлік ғылыми-практикалық конференциясында 1-орын алды. Айта кетерлігі, конференцияға білім беру ұйымдарынан 260 оқушы қатысқан. Ал, алда Виктория хош иісті жеміс-жидектердің басқа да түрлерін өсіруді мақсат етіп отыр.
Мөлдір Сағидолла