Түркі тілдес жазбалары күніне орай Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Облыстық кітапхана төрінде мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен « Түркі жазбаларындағы әдеби тілдің мұра және қазіргі кеңістік» тақырыбында ғылыми- практикалық конференция өтті. Ары қарай тілші әңгімесінде.
Шара «Көне түркі жазба жәдігерлері – қазақ жазба мәдениетінің бастауы» тақырыбындағы фильм көрсетумен басталды. Конференция мақсаты - өркениет тарихындағы түркі жазуларындағы әдеби- тілдік мұра мен олардың заманауи мәдениет кеңістігіндегі хал ахуалды нығайту.
Серік Негимов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы
Біздің түркі жазба ескерткіштерінде стратегиялық ә әлеуметтік философиялық ой тұжырымдар жеткілікті. Соны біз жастарымыз бойына сіңіріп пайдалансы, біздің экономикамызда мәдениетіміз де дамиды. Түркі жазба ескерткіштеріндегі асыл ойлар, конфуций ойлары сияқты. Сондықтанда біздің мынау жаңа Қазақстанның дамуына, әсер етеді.жастардың ой санасын дүниетанымын тереңдетеді.
Конференция барысында түркі тілдес халықтарының мәдени мұрасы, жазба мәдениетінің тарихы, тіл және әдебиет тақырыптары кеңінен талқыланды.
Бекен Сағындықұлы, филология ғылымдарының докторы
Әзір жыл сайын әр бағытта белгілі бір тақырыппен осындай іс шара ұйымдастырылып тұрады. Одан кейін тек павлодар өңіріндегі барлық ғалымдарды шақырамыз.Мақсат тек қана түркі тілдес халықтардың басын біріктіру емес, керісінше бәріне ортақ көзқарасымызды жеткізу.
Шара соңында тіл саясатын жүзеге асыруға және ұлтымыздың рухани-мәдени құндылықтарын жаңғырту жолында елеулі еңбек сіңірген бірқатар тұлғалар облыстық басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Бұл құрмет – олардың ұлт мүддесі жолындағы сүбелі үлесін бағалаудың жарқын көрінісі болды.
Салтанат Бауыржанқызы