Кезекті рет өткен аппарат жиынында өңірдегі санитарлық-эпидеиологиялық және фитосанитарлық жағдайлар мен дезинсекциялық іс-шаралар барысы туралы айтылды. Толығырақ алдағы сюжетте.
Ауа-райы жылынғаннан бері облыста кене шағудың 173 жағдайы тіркелген. Салдарынан 22 адам ауруханаға жатқызылып, оның 17-сінде дақ безгегі анықталған. Ал қарақұрт жәндігінің шағу дерегі жоқ. Сәуір айынан бастап Баянауыл ұлттық паркінде энтомологиялық мониторинг жүргізілуде, оның шеңберінде қыстап шыққан қарақұрт жұмыртқаларын жинау және жою жұмыстары өтті.
Батырбек Әлиев, Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
Павлодар облысы кене энцефалиті және лайм ауруы бойынша эндемиялық аймақтардың қатарына жатпайтынына қарамастан, инфекцияларды басқа облыстардан әкелу жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, Германия азаматы кене энцефалитін жұқтырғаны. Яғни, ол сол елден кененің шағуына тап болған. Және Аққулы ауданының тұрғыны лайм ауруын жұқтырды. Бұл кененің шағуы арқылы беріледі. Олда Ресей Федерециясына шыққан, сол жақтан кене шағып алған. Дереу арада оған жедел көмек көрсетілді. Әзірге бұлан басқа өтінішітер болмады.
Қансорғыштармен күрес мақсатында сәуір айының соңында 448 мәрте әуеден өңдеу жоспарланған еді. Қазір 402 рет әуеден улау жүргізіліп, 154 мың га астам жайылма алқабы өңделді.
Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы
Әуеден өңдеудің тиімділігі шамамен 90 пайызды құрайды. Әсіресе, шыбын-шіркейдің дернәсілдерін жоюға баса назар аударып отырмыз. Мамыр айының ортасында Ертіс өзенінің арнасына және оның тармақтарына 100 мың литрден астам биологиялық препарат құйылды. Биологиялық өңдеудің екінші кезеңі 24-25 мамырға жоспарланды.
Сондай-ақ, биылд өңірде шегірткенің италияндық прус түріне қарсы 19.9 мың гектар өңделеді. Бұл мақсатта 89,5 миллионнан астам теңге бөлінді, оның 39,6 миллионы республикалық бюджеттен түсті. Өңдеу жұмыстары Май және Баянауыл аудандарында басталып кетті.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Енді шегірткеге қарсы жұмысты әрі қарай да бақылаңыздар. Күнделікті бақылап, маған баяндап отырыңыздар.
Жиында тұрғындардың саяжай алқаптарында, сондай-ақ Ольгинка және Майқайың ауылдарында колорадо қоңыздары мен жапырақ жемірінің пайда болуы туралы өтініштеріне ерекше назар аударылды.Облыс әкімі Қаражар ауылында өрмекшілердің жиналуы мүмкін деген ақпаратты тексеруге тапсырма берді.
Қымбат Садық