Ұлттық құрылтайда айтылған бастамаларға сүйене отырып, Павлодарда мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар серіктестігі негізінде құндылықтарды дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және ғылым саласының мамандары қатысты. Қатысушылар бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын барысында қатысушылар Ұлттық құрылтайдың бастамаларын негізге ала отырып, мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы серіктестіктің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, олар нақты ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салып, олардың жүзеге асу жолдарын жан-жақты талқылады.

Арман Акишев, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор

Ерекше қуантатын жайт. Бұл жастардың қатысқаны. Олар өздері келіп ұсыныс білдірді. Қабылдадық спикерлердің. Әрине, волонтерлік мәселе. Президентіміз осыны жиі айтады. Жастарды тәрбиелейтін бір-біріне қамқорлық білдіру.

Бұл жиын, тек пікір алмасу алаңы емес, қоғам мен мемлекеттің өзара сенімін нығайтатын маңызды қадам. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Байтұрсын Жұмабай