Павлодар қаласында жоғары оқу орындарының заң факультеті студенттері үшін ашық есік күні өтті. Шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Онда болашақ заңгерлерге сала жұмысы және қызметі туралы жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді. Жиын командалық ойындар форматында өтті.

Студенттерге прокуратура органдарындағы қызметтің ерекшеліктері мен жұмыс тәртібі түсіндірілді. Мұндай ашық есік күні заң саласын таңдауға ниетті жастар үшін үлкен көмек. Олар нақты тәжірибе арқылы өз болашақ кәсібін айқындай алады. Бүгінде Павлодар облысы прокуратурасында 10 бос жұмыс орны бар. Бұл салада жас мамандарға сұраныс жоғары.

Алмас Әбішов, Павлодар облысы прокуратурасының аппарат басшысы

Менің ойымша, бүгінгі кездесу студенттер үшін тек мамандық таңдау емес, жалпы өмір салтын айқындайтын маңызды қадам болды. Себебі оларға заңдылық пен әділдік қағидаттары түсіндірілді. Біз болашақта осы жастардың ішінен прокурор болғысы келетіндер көбейеді деп үміттенеміз. Жуырда ғана жас мамандар слеті өтті. Қазір облыстық прокуратурада 18 жас маман еңбек етеді. Олар – аудандық және қалалық деңгейдегі қызметкерлер.

Шараға прокуратурада тәжірибе жинап жүрген студенттер де қатысты. Олар жұмыс барысымен жақынырақ танысып, болашақ мамандығына нақты түсінік алды.

Аружан Аманжолова, студент

Болашақта да мен прокурор болғым келеді. Қазір мен прокурор болу үшін құқық қорғау органдарына оқуға түсу үшін қызу дайындық жүргізіп жатырмын. Әрине тәжірибе барысында мен ең алдымен жетекшілеріме алғысым шексіз. Олар бірінші күннен бастап мені жылы қарсы алып, прокуратура органдарының жұмысымен жақынырақ таныстыра білді. Яғни, универде 4 жыл бойы оқысақ та, біз тәжірибеден өтпесек, осылай таныса алмас елдік. Ал тәжірибе барысында біз негізгі міндеттерімен таныстық.

Ашық есік күні жас заңгерлер үшін үлкен мүмкіндік болды. Қазір Павлодар облысы прокуратурасында 18 жас маман жұмыс істейді. Ал салада 10 бос жұмыс орны бар.

Сабина Жолдаспаева