Тұрғындар еттің қымбаттағанын айтып шағымдануда. Облыс халқы жылыны 50 мың тонна ет тұтынады екен. Төрт түлік асырап отырған шаруалар бұны мал азығының қымбаттауымен байланыстырып отыр.

Қазір аймақта 225 мың жылқы, ірі қара мал мен қой басы 500 мыңнан асады. Өңірде ет тапшылығы жоқ. Халық жыл сайын 50-60 мың тонна шамасында ет тұтынады. Мал етінің бағасы тұрақтандыру қоры арқылы бақыланып отырады дейді мамандар.

Әнел Биарыстанова, ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

Оның ішінде сиыр еті қажеттілігіне 15 мың тонна болса, Өндірілген 24,2 мың тонна немесе 175 процентті құрайды. Фермерлік базарында еткен 15-20 пайызға төмен бағалары етке. Сиыр еті 1900-2100 теңге болса, Жылқы еті 2100-2300 құрайды. 2022 жылға қарағанда етке баға 100 тенңгеге өсті.

Сала мамандары жалпы ет бағасы небәрі 100 теңгеге қымбаттағанын айтады. Әлеуметтік дүкендерде баға тұрақты дейді. Ал, қалың бұқара шаруалар мен алыпсатарлар ет құнын тым көтеріп жібергенін айтып шағымданады.

Сатушылардың сөзінше, ет бағасы жыл сайын көтеріледі. Шығынға батып жатсақ та, қолжетімді бағада сайдалаймыз деп отыр.

Светлана Маненок, ет сатушы:

Иә, еттің бағасы қымбаттады. Ана жолы осылай келіп, сұрап қалғанда мен айттым, бағасы көтеріледі жаңа жылдан кейін. Қазір міне жаңа жылда еттің бағасы 1950 болып жатыр. Қымбаттаса да сонда да етті алып жатыр кісілер. Алады, етсіз қалай енді.

Ет бағасының өсуіне себеп бірнеше фактор бар. Ең алдымен жем-шөптің қымбаттауы түрткі болып отыр.

Тіпта банк арқылы азық түлік құнын бөліп төлеп, күнін көріп отырған адам қаншама. Елдегі азық-түлік бір жылда 25 пайызға қымбаттаған. Инфляция былтыр 20 пайыздан асып кеткен.

Әйгерім Тоқпанқызы