Қазақстан Бірінші лигасының 15 ші-турында Павлодарлық «Ертіс» сырт алаңда «Қайрат-Жастар» командасымен кездесті. Ойын Алматы қаласындағы ерекше атмосферада өтті. Алғашқы ойында аз ғана айырмашылықпен жеңген Павлодарлықтар бұл жолы сенімді әрі нәтижелі ойын көрсетті.

Ойынның алғашқы минуттарында Алматылықтар белсенділік танытты. Тіпті қақпа бағанасын дөп соққан сәттері де болды. Алайда, 14ші- минутта күтпеген жағдай орын алды. «Ертіс» жартылай қорғаушысы Тамерлан Ағиманов Еркебұлан Тұңғышбаевқа пас бағыттамақ болған, бірақ Алматылық қорғаушы Асқар Бижан допты өз қақпасына соғып алды. Есеп – 0:1 болды. Арада алты минут өтпей, сол Тамерлан Ағиманов айып алаңы сыртынан тамаша соққы жасап, гол соқты. Ал,екінші таймда алаңға жаңадан шыққан Матвей Герасимов Мирам Кикбаевтың пасынан кейін мергендік танытып, есепті 3:0-ге жеткізді. Осылайша, Павлодарлықтар сырт алаңда айқын басымдықпен жеңіске жетті. Айта кетейік, келесі матчта, «Ертіс» 1 тамыз күні, өз алаңында Қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды. Жанкүйерлерді тартысты ойын күтіп тұр.

Дильназ Қуанышбекқызы