Облыс орталығында Гофротара» компаниясы макулатура өңдейтін жаңа зауыт ашады. Жоба арнайы экономикалық аймақта жүзеге аспақшы. Онда қағаз және картон макулатурадан өндірілетін болады. Айта кетейік бұл арқылы шикізат жергілікті жерде өндіріліп, импортқа тәуелділік болмайды. Сондай-ақ экологияға қосар үлес зор болмақ.
Облыс әкімі Асайын Байханов болашақ зауыттың бизнес-жоспарымен танысты. Компания еліміздегі гофрокартон өнімдерін өндіретін жетекші кәсіпорын. 2006 жылы құрылған өндіріс қазір еліміз бойынша ірі өндірістік мекемелерді қаптама өнімдерімен қамтамасыз етеді. Енді мекеме көкжиегін кеңейтіп ірі шикізат өңдейтін зауыт ашпақ.. Арнайы экономикалық аймақта орын тебетін кәсіпорында келешекте 186 адам еңбек етеді.
Гүлнар Қайдарова, «Гофротара» ЖШС директоры
Жоспарларымыз 2027 жылы бірінші кварталда деп отырмыз ашылады деп. Строительство үлкен, оборудоваине. Болады. Шетелден келген. Қазір Гофортараны қарап тұрсаңыз кішкентай ғана. 186 кісі жұмыс істейді. СЭЗ дан тех условия. Түгел документтерді алдық. Государтсвенная программа бар перереботка отходов. 3 процентная соған кірдік. Қағаздарымызды жөндеп жатырмыз. Құрылыс басталып жатыр. Өзіміздің ақшамызға бастадық.
Жоба құны 16,5 млрд теңге. 11 млрд теңге Өнеркәсіпті дамыту қоры ұсынған қаражат, ал қалған бөлігі кәсіпорынның өз қаражаты есебінен қаржыландырылады. Жобаны іске асыруға жергілікті атқарушы органдар да қатысып отыр. Олар инфрақұрылым тарту, қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз ету арқылы қолдау көрсетпек.
Қалада полигонға күніне 150 мың тоннаға дейін қоқыс шығарылады. Оның 25%-ы — қағаз қалдықтары. Осы ресурсты қайта өңдеуге бағытталған жоба қоршаған ортаға зиянды азайтып қана қоймай, экономикалық тиімділікке де қол жеткізбек.
Осыдан кейін облыс әкімі бір реттік медициналық бұйымдар өндіретін кәсіпорында болды. Ондағы өнімін еліміздің түкпір-түкпіріндегі кардиология, реанимация, нейрохирургия, травматология бөлімшелерінде және басқа да көптеген медициналық мекемелерде кеңінен қолданылады. Сапар барысында кәсіпорынға баратын жол мен көше жарығының жоқтығы мәселесі қозғалды.
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтың сөздеріне қарағанда, асфальттау жұмыстары биыл аяқталмақ, ал келесі жылы көшелерге жарық орнату жұмыстары басталатын болады.
Әйгерім Тоқпанқызы