Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінің сарбаздары ант қабылдады. 160 тан астам жас азамат еліміздің әр өңірінен келді.Толығырақ келесі сюжетте.

Ксм: Әскери ант — тек рәсім емес. Бұл елге, туған жерге, ата-баба аманатына деген серт. Бұл бейбіт күннің күзетінде тұруға, елдің тыныштығы мен тәуелсіздігіне адал болуға берілетін уәде.

Бұл тарихи сәтке сарбаздардың ата-аналары мен туыстары, сондай-ақ еліміздің әр аймағынан арнайы келген қонақтар, ардагерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Сарбаздар үшін бұл күн – ұмытылмас, өміріндегі ең маңызды белестердің бірі.

Салтанатты шараға қатысқан 160-тан астам сарбаз еліміздің түкпір-түкпірінен келген. Астана, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Семейден бар. Олар бір ай ішінде жауынгерлік дайындықтан өтіп, әскери тәртіп пен саптық машықтарды меңгеріп үлгерді. Жауынгерлік рух пен бауырмалдықты бойына сіңірген жас ұландар енді толыққанды сарбаз атанды.

Назбек Маликов, 6679 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары

Қазіргі таңда 6679 әскери бөлімі қылмыстық атқару мекемелерін күзетеді. Сарбаздардың тікелей қатысы бар.Одан бөлек арнайы жүргізушер дайындығы, байланыс торабының кезекшілері тағайындалады.Аспаздарда тағайындалады. 1 жыл көлемінде осы қызметтерін атқарады.

Сондай-ақ, сарбаздар тек әскери тәртіпті меңгеріп қана қоймай, болашақ өмірлеріне де жол ашуда. Арнайы бағдарлама аясында олар борышын өтеген соң арнайы сертификат алып, жоғары оқу орындарына түсуге жеңілдікке ие болады.

Кенен Мыңбай, 6679 әскери бөлімнің сарбазы

Өие жақсы әсердемін.Павлодар қаласы керемет екен.барлық солдаттарға жақсы қарайды екен.Астана қаласывнан Павлода қаласына келдім әскери борышымды орындау үшін. Солдат болып кейінгі ұрпаққа әскери борышты үйретіп, әскери адам болғым келеді.

Сарбаздардың әрқайсысының артында туған үйі, тілекші ата-анасы, туған топырағы бар. Олардың амандығын тілеп, ел қатарлы азамат болып оралуларын күтіп отырған жандардың тілегі бір.

Орынбай Төлебай, ата-ана

Енді бәрінен бұрын қасындағы жігіттерге көмек бол, дос бол, бірлік болсын. Бірлік бар жерде тірлік бар дейді ғой. Дендерін сау болсын.

Әскери ант — бұл сөзбен емес, іспен дәлелденетін серт. 6679 әскери бөлімінде қабылданған бүгінгі ант ел болашағына берілген ант.

Дильназ Қуанышбекқызы